Таңертеңгі 4 рәсім

Таңертеңгі 4 рәсім

Жаз мезгілі жақындаған сайын тек табиғат емес, адам ағзасында да өзгерістер жүріп жатады. Күш жинап, тонус көтеруіміз керек. Оны әдетте таңертеңнен бастаған абзал:

1. Таңғы жаттығу

Аса күрделі емес жаттығуларды таңғы астың алдында жасап алсаңыз, күні бойы сергек жүресіз. Жаттығу комплексін түгелдей жасау міндетті емес, бар болғаны созылып, буындарды қимылдату ғана жетеді. Арқаға арналған жаттығуларды да жасау артық етпейді.

2. Таңғы ас

Көптеген адамдар таңертеңгілік асты ішпейді. Ал негізінде, тамақтану режіміндегі ең бастысы – таңғы ас. Таңғы асыңыздың сапасы күні бойы көңіл-күйіңізге әсер етеді. Қазірде ағзамызға витамин қажет болғандықтан, сұлы ботқасын, жеміс-жидек, жаңғақтар, табиғи йогурт жеу керек.

3. Таза ауа

Жылы кез басталғандықтан күнделікті таңертең бөлменің есігін ашып, ауаны тазартып, салқындату керек. Көктемнің балғын иісі көңіл-күйіңізді көтерері анық.

4. Шай ішу

Кофенің «оятқыш» әсері уақытша екенін есте сақтаңыз. Ол біраз уақытқа күш беріп, кейіннен қатты шаршаңқы күйге түсіреді. Сондықтан кофенің орнын шаймен алмастыруға кеңес береміз. Шай жапырағының құрамындағы теин заты мидағы зат алмасу қызметін іске қосады. Ағзаны қуаттап, шаршаңқы күйден арылтады. Сонымен қатар қара шай тәбетті басып, артық салмақтан арылуға септігін тигізеді.

Қайырлы таң!

Сурет: hq-oboi.ru

Ұқсас жазба:

Түскі асқа қандай тағам жеу керек?

Ф. Абилова