Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Тері күтімінің 12 қағидасы

Тері күтімінің 12 қағидасы

Тері күтімінің 12 қағидасы

Жылдың қай мезгілі болмасын тап-таза тері иесі атануға болады. Ол үшін небәрі тері күтімінің 12 қағидасын жадыңызға сақтаңыз.

  • Сергек ұйқы. Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз. Ұйқыңыздың бұзылуына жол бермеңіз. Уақытылы жатып, уақытылы оянған абзал. Адам баласы күніне 7-9 сағат демалу керек. Сергек ұйқы терінің жақсаруына ықпал етеді.
  • Ылғалды ауа. Қыс мезгілінде ауа-райы ызғарлы, ал жазда аптап ыстық болғандықтан тері әр кез өзгеріске ұшырап жатады. Сыртқы орта әсерінен тері түлеп, құрғақ кетеді. Бұл жағдайда теріге ылғалды ауа қажет. Таулы аймақтарға, өзен-көл жағасына барып, демалыңыз. Немесе бөлмеңізге ауа ылғалдайтын арнайы құрылғыларды орнатып қойыңыз.
  • Су диетасы. Күнделікті таңертең аш қарынға бір стакан су ішкен жөн. Су диетасы ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, теріні жақсартады. Сондай-ақ, судың теріні нәрлендіретінін ұмытпаңыз.
  • Табиғи маскалар. Теріңізді тазартып, өңін жақсартам десеңіз, аптасына 2-3 рет маска жасап тұрыңыз. Бұл, міндетті түрде, сұлулық салонына барып, косметолог маманға жолығу деген сөз емес. Ас үй сөресіндегі азық-түліктердің пайдалы косметика екенін естен шығармаңыз.
  • Антиоксиданттарға мән беріңіз. Мүмкіндігінше, құрамында антиоксиданттар көптеп кездесетін косметикалық өнімдерді пайдаланыңыз. Антиоксиданттар теріні жұмсартып, әжімнің түсуіне жол бермейді. Табиғи антиоксиданттар көк шәй, жүзім, апельсин, лимон, жаңғақ, қызылша, қызыл және сары бұрышта кездеседі. Аталған тағамдарды ас мәзіріңізге жиі-жиі қосып жүріңіз.
  • Гидротерапия. Күнделікті таңертең душқа түсуді әдетке айналдырыңыз. Гидротерапия ағзадағы қан айналым жүйесін жақсартып, бойға сергектік сыйлайды.
  • Косметикалық өнімдер. Қол кремдері мен бет-мойынға арналған аранайы лосьон жағып жүріңіз. Себебі, бұл өнімдер терінің жөнсіз құрғап кетуіне жол бермейді.
  • Дәрумендер. Кез келген дәріханалардан ағзаға пайдалы дәрумендерді сатып алуға болады. Болмаса, дәрумендерге бай сарымсақ, асқабақ, көк шөп, қияр, қызыл бұрыш, орамжапырақ сияқты көкөністерді көп мөлшерде пайдаланыңыз. Теріңіз нәрленіп қана қоймай, сіз авитаминозға қарсы төтеп бере аласыз.
  • Фен қолдануды доғарыңыз. Себебі, фен шашты ғана емес, бас терісін де құрғатып жібереді.
  • Ағзаңызды тазартыңыз. Бойыңызды әлсіздік билеп, өзіңізді нашар сезінсеңіз, ағзаңызды тазартыңыз. Тазарту арқылы сіз ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып қана қоймай, 2-3 кг салмақ тастай аласыз. Осы кезде көңіл-күйіңіз көтеріліп, теріңіз жұмсарып, жақсарады.
  • Көп мөлшерде су ішіңіз. Су диетасын ұстауды көңіліңіз қош көрмесе, күнделікті 2 литр сұйықтық ішіңіз. Таза судың орнын көк шәй, жеміс-жидек шырындары баса алады.
  • Серуендеңіз. Таңертең мен кешке жаяу жүріп, күнге қыздырынып, таза ауада серуендеуді әдетке айналдырыңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: kleo.ru

11500 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 шілде 2012, 16:08
Пікірлер
+0
03 шілде 2012, 13:40

жұмыс үстелімнің үстіне су қойып қойып ішуді әдетке айналдырып жүрмін )))

+0
03 шілде 2012, 17:15

дұрыс,менде солай жасап едім, бір күнде 1,5 литр су ішіп қойдым :)

+0
03 шілде 2012, 21:22

керемер кеңестер!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...