Тартымды болу - ұсақ-түйектен басталады

Тартымды болу - ұсақ-түйектен басталады

Дененің тартымды, сымбатты болуына күнделікті не істейміз? Күннің атып, кештің батқанына қуанып жүреміз де, өз денеміз бен сұлулығымызға мән беруді қоямыз. Ал адамның тартымды болуынан және өзін жақсы көруінен көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Сондықтан тартымды болуға ұмтылуды бір сәтке доғарма.

Баспалдақпен көтеріл. Адам баспалдақпен көтерілгенде бір минутта 11 калория кетіреді екен. Баяу жүгіру кезінде де сен осынша калориядан арылатын едің.

Асқазанға көмектес. Астан кейін жалбызды шай ішіп жіберсең, асқазан жақсы қорытып, іштің кебуінің алдын алады.

Аяқтарды ұмытпа. Аяқтарың кішкене баланың аяқтарындай болсын десең, қабыршақтанудан қорғап, қоректендіріп отыруға ерінбе.

Пресс жаса. Жайпақ ішке жету үшін күніне арнайы жаттығу жасап тұр: еденге жат та, тізелеріңді бүк, табандарың еденге жабысып тұрсын, ал қолдарыңды желкеңе қой. Іш бұлшық еттерін қатайтып, иық пен жауырының еденнен көтерілетіндей денеңді көтер. Осы қалыпта бірнеше секунд тұра тұр (іштей төртке дейін сана), кейін қайта қалыпқа жат. Арқамен жатқанда дем тарт та, көтерілгенде – шығар.

Кептірілген жемістер же. Мысалы, кептірілген өрік, қара өрік, інжір – олар дәрумендер мен микроэлементтерге бай.

Қара шоколад таңда. Қара шоколадтың құрамында қант аз және какао-бұршақтары көп (70% жуық). Ол ағзадағы қант құрамын қадағалап, сенің тәтті жеуге құмарлығыңды біраз басады.

Уақытылы тамақтан. Таңғы асты ішпей, ал түскі аста бастықтың алдында отырып, кейін бутерброд жей салсаң, денең сұлулығын сақтап жүреді деп ойлама.

Биік өкшелі аяқ киімді таңда. Біріншіден, ол сырт көзге аяқтарды ұзын етіп көрсетеді. Екіншіден, биік өкше кигенде – бұлшық еттер тартылып, сырт көзге тартымды көрінеді. Алайда тобыққа байланатын туфлилардан аулақ бол, ол ұзын аяқты қысқа етеді, сонымен қатар платформалы аяқ киім де кимеген жөн – ол жалпы көрінісіңізді бұзады. Ең ұтымды шешім – 5 см-ден аспайтын биік өкше.

Калорияларға абай бол. Өте майлы, калориялы тағамдардан, мысалы қуырылған картоп, тәтті тоқаштардан бас тартқан жөн. Оның орнына суға піскен күріш, томат соусы, балық және көкөністерді таңда.

Түзу жүр. Түзу жүру бойшаңдық қосып қана қоймай, дұрыс демалуға, нәтижесінде – жасушалардың оттегімен жақсы қамтылуына жол ашады.

Протеиндерге жол аш. Ақуызға бай тағам тәбет ашылуын қадағалайтын глюкоган деген гормонды бөледі, ол жетіспеген кезде адам тола бастайды. Майлар өз бетінше жарықшақтанып кетсін десең – балық пен бұршақтарды жеуге тырыс.

Целлюлиттің алдын ал. Терің тегіс болсын десең, антицеллюлиттік капсулалар қолданып көр. Бұл жан-жағынан зерттелген дәрі-дәрмек сені «апельсиндік теріден» құтқарады.

Өзіңе ашуланба. Көбіне тағамға өзің жалғыз қалғанда, не ішің пысқанда тартады. Сондықтан достарыңмен көңіл-көтеріп, солармен бірге тамақтануға тырыс. Олардың көзінше көп тамақ жей алмайтының анық.

Сурет: galya.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina