Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шаш сәні: Көтерілген шаш

Шаш сәні: Көтерілген шаш

Шаш сәні: Көтерілген шаш

Көтерілген шаш соңғы кезде ерекше танымалдыққа ие болды. Оның себебі көтерілген шаш кез келген шаш түрін көлемді етіп көрсетеді. Сән салонына бармай-ақ, өзіңізге өзіңіз жасап алатындай оңай бұл шаш сәні, көптеген жоғары жиналған, түйілген шаш сәндерінің негізі болып саналады.  

1-Қадам

Шашыңызды жуып, кептіріңіз. Таза шашты көтеру оңайырақ болады.

2-Қадам

Шашыңыздың жоғарғы жағынан бір бұрымын бөліп алыңыз. Асықпай, ұқыпты қылып шашыңызды кері бағытта тараңыз. Шаштың ұшынан бастап тарап, біртіндеп түбіне дейін жетіңіз. Қаншалықты шаш түбіне жақын тарағаныңыз қандай көлемді қалайтындығыңызға байланысты. Осылайша бірнеше бұрым шашты жоғары тарап қойыңыз.

 

3-Қадам

Егер шаш сәніңіз кеш бойы тұрсын десеңіз, не шашыңыздың қалыңдығы сонша, көлемі ауырлығынан түсіп қалып жатса, әр көтерген бұрымыңызды шашқа арналған лакпен бекітіп отырыңыз. 

4-Қадам

Сирек тісті жұқа не табиғи қылшығы бар жұмсақ тарақпен шашыңыздың үстін тарап қойыңыз. 

5-Қадам

Шашыңыздың жоғарғы жағын тарап, пішінін келтіріңіз. Алайда көлемін құртып қоймаңыз. Үстінен шашқа арналған лак шашып, шаш сәнін бекітіп қойыңыз. 

6-Қадам

Шашыңызды көтергеннен кейін қалағаныңызша жинап, түйіп не жайып қойсаңыз болады.

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vkus-k-zhizni.ru

5567 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 маусым 2012, 18:02
Пікірлер
+0
26 маусым 2012, 17:51

кейде лаксыз тарақпен шаштың түбін біразға дейін әрі-бері тарасаң, өзі-ақ көтеріліп қалады :)

+0
26 маусым 2012, 22:35

суреттегі қыздар әдем екен

+0
27 маусым 2012, 15:12

осындай табиғи жолмен шашымды көлемді етуді енді үйреніп жүрмін және ол үшін Массагеттің бірден-бір пайдасы тигенін айта кетуім керек. бұрын күніге жуып, күніге фенмен кептіріп, артынан үтіктеп байқұс шаштарымды өлтіріп тастаған екенмін. қазір тфай-тфай, жақсы болып қалды. фенсіз кептіремін, өріп қоямын, ұшына қарапайым шаш бұйралағыш ораймын... және шашым сәнін жоғалтқан жоқ :D

+0
27 маусым 2012, 17:50

Шашты кері бағытта тарағаннан ұйысып қалмай ма?

+0
27 маусым 2012, 17:55

:D ұйыспайды, тарап көр ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...