Косметикалық мұз дегеніміз не?

Косметикалық мұз дегеніміз не?

Бетіңізді жұмсарту, сергіту үшін таңертең мұзбен сүрту керек. Оның үстіне мұз қан айналымын жақсартып, зат алмасу үдерісіне игі әсерін тигізеді екен. Күнделікті мұзбен тазартудан кейін өзгерісті де көп ұзамай байқайсыз: бетіңіздегі кішігірім әжімдер жазылып, ұсақ тесіктер тарылып, бетіңіздің түсі өзгереді.

Бетті мұзбен сүрту барысында бір жерде тоқтамай, үздіксіз сүртуіңіз керек.  Сүртіп болғаннан кейін майлықпен сүртпеңіз, құрғағанша күткеніңіз абзал. Содан соң ылғалдандырғыш иісмай жағу керек.

Косметикалық мұздың жасалу жолдары:

Көк шай мұзы. Бұл мұзды беттің кез келген типіне пайдалануға болады. Бір стақан қоюлау көк шайын шығарып, суытып, мұздатзышқа салыңыз.

Лимон мұзы. Майлы бетке арналған. Беттегі ұсақ тесіктерді тарылтып, тазартады. Бір стақан минералды, газдалмаған суға бірнеше ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Араластырып, мұздатыңыз.

Картоп шырынының мұзы. Аралас беткен арналған. Бетіңіздің қызарған жерлерін басып, беттің түсін қалпына келтіреді. Картоптың шырынын сығып, бір стақан минералды, газдалмаған сумен араластырыңыз. Мұздатып қойыңыз.

Косметикалық мұзды 7 күннен астам тоңазытқышта ұстауға болмайды. Себебі бір аптадан соң беретін әсерінен айырылады. Сондай-ақ жеміс пен көкөністен жасалған мұзды тек 4 күн ұстау керек.

Егер бетіңізде безеу не жара болса, косметикалық мұзды пайдалануға болмайды. Сонымен қатар далаға шығудың алдында пайдаланбау керек.

Сурет: mylitta.ru

Ф. Абилова