Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Әдемі жүріс

Әдемі жүріс

Әдемі жүріс

Жаңа дәуір адамының өмір сүру принциптері де жаңа. Ол әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән береді. Сырт бейнесінің сымбаты, жеке бас гигиенасының тазалығы, интеллектуалдық қасиеттері, мінез-құлқы, өмірге көзқарасы, тіпті жүрісі мен тұрысына дейін — бәрі, бұрынғымен салыстырғанда, бүгінгі күні көш ілгері...

Жаны нәзік әйел затының жүрісі де мәнерлі болу керек. Бұған аударылатын назар үлкен. Тіпті, әдемі жүріске үйрететін арнайы сабақтар да бар. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші: еңсесі түскен, түймесін жоғалтып алғандай, басын төмен салбыратып, зулап кетіп бара жатқан әйел адам “кербез” көріне ме? Жүрісіне қарап-ақ, бейбақтың басына қара бұлт үйірілген бе деген ой келеді. Ал, өз-өзіне сенімі шексіз, өмірде мақсатына тура келе жатқандай, көңілі тоқ келіншектің жүрісі де ерекше болады. Психологтар адамның жүрісіне қарап-ақ, ол туралы біраз мағлұмат бере алатындарын айтқан.

“Сұлулық” керуені келесі аялдамаға келіп тоқтайды... Көшке ілескен оқырман қауымның назарына әдемі жүріске қатысты кеңестер ұсынамыз.

“Қызметтер хикаясы” деп аталатын кеңес заманының әйгілі кино туындысын тамсана тамашаламаған жан жоқ. Сол фильмнің бір сюжетінде хатшы әйел өз басшысын әдемі жүріске үйретеді. Әдемі жүріске үйрететін курстар бұл күні ірі қалаларда бар және сұранысқа ие. 

 Лирика

 Мәнерлі жүрісті үйрену сіз ойлағандай қиын емес. Ең бірінші кеңес — психологиялық кеңес. Өзіңізді сенімді, жеңісі көп немесе әлдебір қуанышқа риза болып келе жатқандай сезініңіз. Адам санасына түйілген ойлар оның жүрісіне қатты әсер етеді. Фитнес залдарының мәнерлі жүріске үйрететін курстарының алғашқы сабағы үйретуші мен үйренушінің арасындағы диалогқа құрылған психологиялық сабақтан басталады. Сонымен, алғашқы ереже — сенімділік пен жағымды ойлар.

 Физика

 Қарбалас өмірде әрбір іс-қимылды ойланып барып жасау үшін уақыт жағы тапшылық етеді. Соның әсерінен ми іші басқа жайттармен алаңдаулы болады-дағы, қимыл мен қозғалысымызды ойланбай, автоматты түрде жасаймыз. “Дұрыс жүрістің” келесі ережесі — саналы түрде жүру, яғни жүрген кездегі қол мен аяқ, бел мен бөксені ойлана қимылдату.

Омыртқаны тік ұстау — әдемі жүрістегі басты қағида. Омыртқаңыз тік болсын десеңіз, таңертең 10 рет отырып-тұру жаттығуларын жасаңыз, ал кешке бірнеше кітапты төбеңізге қойып, 10 минут үй ішінде жүріңіз. Бұл жаттығулар әдетке айналса, омыртқаңыз тік, арқаңыз түзу болады. Ал бұл белгілер әдемі жүрістің кепілі.

 Формула

 Адым жасаған сайын басыңыз тік болу керек. Иек болса, денемен 90°-қа тік бұрыш жасап қиылысады. Басыңыз тік болғанымен, көзді төмен тастауға болады. Қазақ қызы кісі бетіне тесіле қарамаған. Енді өзіңізді құдды бір кеме экипажының капитаны сияқты сезініңіз. Жаныңыздағы жандарға жылулық сыйлау үшін көзді кісіге көтергенде, бет қимылдарына назар аударыңыз. Көзбен бірге, әдемі жымисаңыз, тұла бойыңыз түгел кербездене түседі. Енді жүріс: иықты сәл артқа жіберіңіз, омыртқа болса, тігінен — жерге түзу қағылған қазықтай орналасу керек. Ал қолдарыңыз адым сайын алма-кезек бұлғаңдайды, қатты сермеудің қажеті жоқ. Қарын мен жамбас тартулы, денеде біртегіс орналасады. Қимылдаған сайын, екі бөксе арасында, ауада “сегіз” саны жазылғандай әсер болады, бөксені қатты сілкуден де аулақ болыңыз. Бұл жүрісті бұзады. Тізені бүкпей, мейілінше жазыңыз. Табан адым сайын жерге толық түсу керек. Егер өкшесі жазық аяқ киімде болсаңыз, жерге алдымен өкшенің ұшы тиеді.

 Сұмдық терапия

 Құрбыларыңызбен бір жүргенде, жол-жөнекей ер кісіні кезіктіре қалдыңыз делік. Құрбыңыз жүрісін өзгерткенін байқадыңыз ба? Психологтардың айтуынша, ер адамның көз тастауы немесе ерекше назары жүрісті жинақы етуге септігін тигізеді-міс. Олай болса, көптің назары өзіңізде екен деп сезіне, адым жасаңыз. Теледидар экранынан сән үлгілерін көрсететін бикештердің жүрісіне еліктей көрмеңіз. Сіз дизайнер ұсынған көйлекті емес, өзіңізді көрсетпек мақсатта жүріп барасыз. Нәзіктікті сақтап, байыппен еркін қимыл жасаңыз. Ширақтық пен нәзіктік - әр әйелдің бойына біткен табиғи қасиет. Тек оны көрсете білу керек.

Қысқа да нұсқа кеңестерімізді көңілде тоқу да қиын емес. “Әдемі қимыл — нәзік жандының айнасы”. Әдемі жүруге өзімізді баулу арқылы сымбатты мүсінге одан әрі жақындай түстік. 

Суреттер real-body.ru, beauty.violet-lady.ru сайттарынан алынған

10357 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 29 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
29 желтоқсан 2011, 11:33

болды, үйренеміз...

+0
29 желтоқсан 2011, 15:11

қыздарға негізі:) Бірақ, ер адамдар да әдемі жүріп үйренулері керек!

+0
11 қаңтар 2012, 15:07

Мен осылай жүретін ем - десем. : - ))

+0
19 қаңтар 2012, 10:29

енді еңсемді көтеріп, секретарь Верочка сияқты жүрмесем )

+0
20 қаңтар 2012, 19:45

кейбір қыздар менен нашар жүреді. кейде әпкеме де қылықты жүрістерді үйретіп қоямын))))

+0
30 сәуір 2014, 16:58

омырткам ауыра бастайды :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...