Сұлулықты сақтап қалар 25 тәсіл

Сұлулықты сақтап қалар 25 тәсіл

Сұлу болу, сұлулықты сақтап қалу оңай емес. Ол үшін күнделікті өзіңе күтім жасап, ерінбей еңбектену керек. Сұлулық - құрбандықты талап етеді деп бекер айтылмаса керек. Әдемі қартайғыңыз келсе, осы бастан өзіңізді қолға алыңыз.  

Көздер

1. Шаршаңқы көздерді қайта жадырату үшін шикі картопты үккіштен өткізіп қабағыңызға маска жасаңыз (10-15 минут ұстаңыз). Ол сонымен қатар әжімдерді тегістейді және күнделікті макияждан шаршаған көз айналасындағы нәзік теріні сергітеді.

2. Көз айналасындағы теріге ешқашан пилинг жасамаңыз, бұл онсыз да жұқа теріні одан сайын жұқартады.

3. Егер қасыңызды жұлғанда қатты ауыратын болса құнарлы крем жағыңыз. Ал артығын мақтамен сүртіп тастаңыз, әйтпесе қас жұлғыш сырғанайтын болады. 

Бет

4. Таңертең жолжелкеннің қайнатпасынан жасалған мұзбен бетіңізді сүртіп отырыңыз. Бұл теріні сергітеді және кішкентай жараларды тез жазады.

5. Пилингті сәл ылғалданған, таза бетке жасаңыз және тоникпен емес, жылы сумен кетіріңіз.

6. Кез келген кремді бетті жуғаннан кейін минимум 15 минуттан кейін жаққан дұрыс. Өйткені ылғал теріге жағылған крем жылу бөлуді тоқтатып, жылудың реттелуін бұзады.

7. 25-тен асқан әйелдерге кеңес, күніне бетке жаттығу жасап тұрған абзал: 5 минуттай саусақтарыңыздың ұшымен бетіңізді ұрғылаңыз. Бұл қан айналымын жақсартады, терінің тонусын қатайтады, әжімдердің пайда болуының алдын алады.

8. Күз-қыс мезгіліне өте пайдалы маскалар: бал және зәйтүн майы. Оларды араластырып та (1-ге 1 пропорция), бөлек те жақсаңыз болады. 10-15 минуттай ұстап, сабынсыз сумен жуып тастаңыз, май кетпесе мақтамен сүртіңіз.

9. Маска жағар алдында (қолдан жасалған болсын, сатып алынған болсын) бетіңізді 10 минуттай ыстық ваннада булап алсаңыз маска жақсы әсер етеді. Егер бет теріңізде капиллярлар кеңейген болса бу ваннасын жылы компресспен алмастырыңыз: қалың салфетканы ыстық суда сулап, сығып, бетіңізге басыңыз.

10. Майлы сезімтал теріні жалбыз, түймедақ, сүйелшөп, итошаған тұнбаларымен сүрткен жақсы.

11. Майланып, жылтылдаған теріні құрамында спирті бар құралдармен сүртіп, күресе алмайсыз. Бұл терінің жоғарғы жағын құрғатады, бірақ май бөлуді тоқтатпайды. 

Мойын

12. Екінші иек пайда болудың алдын алу үшін немесе оны кетіру үшін күнделікті мынадай әрекеттерді жасаңыз: 3-5 минуттай тұз қосылған суға малынған орамалмен (1 стақан суға 1 шай қасық тұз) иегіңіз бен мойныңызды ұрғылаңыз.

13. Мойынның солғын терісіне маска: қатты піскен бананды езіп, 10-15 минутқа қойыңыз, жылы сумен жуыңыз. 

Жалғасы бар...

Сурет: petrushki.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina