Шарлиз Терон шашын тықырлап алып тастады

Шарлиз Терон шашын тықырлап алып тастады

36-жасар актриса Шарлиз Терон жаңа образымен жұртшылықты таң қалдырды. Жақында актриса толқынды сары шаштарын құрбан етіп, сарбаздардың шаш үлгісіне жүгініпті. 

«Прометей» жұлдызын папараццилер Беверли-Хиллзда ұлы Джексонмен жүрген жерінде түсіріп алған екен. Терон әзірге жанкүйерлеріне жаңа шаш үлгісін көрсетуге асықпайды, алайда сәнді шляпасының астында жасырылған қысқа шаштарды байқамау мүмкін емес. 

Мұндай құрбандыққа Терон «Безумный Макс: Дорога ярости» фильміндегі рөлі үшін барған екен. «Безумный Макстың» сценарийін оқығанда, мұндай образды әлі ойнамағанымды түсіндім. Өте қобалжып жүрмін, сонымен қатар бақыттымын, тезірек түсірілім басталуын күтіп жүрмін!» - деп Шарлиз бір сұхбатында айтып қалған екен. 

Әлбетте, осы уақытқа дейін фильмдегі рөлдері үшін шаштарын қысқа етіп алып тастаған актрисалар аз емес. Соңғылардың біріне «Отверженные» фильмі үшін шашын қырқып тастаған Энн Хэтэуэйді жатқызуға болады. 

Қызметтік борышы үшін шаш қырқумен қатар, соңғы кездері жұлдыздар шаштың бір бөлігін қырқып тастауды да шығарыпты. Бұл сән үлгі осы уақытқа дейін Мерилин Менсонға ғана тән болып келсе, осы күні Мила Йовович, Лурдес Леон, Мелани Би және тағы басқалар ерекшеленудің тағы бір жолы деген шешімге келген сияқты. 

Суреттер: woman.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina