Бойжеткендердің 40%-ы анасы мен әпкесінің косметикасын пайдаланады

Бойжеткендердің 40%-ы анасы мен әпкесінің косметикасын пайдаланады

Мамандардың анықтауынша, бойжеткендердің 1/3 бөлігі анасы қолданатын косметиканы таңдайды екен. Тіпті, ол косметика терісіне сай келмеген күннің өзінде де солай жасайды.

Әдетте, қыздар анасының косметикасына 13 жасында қызыға бастайды. Бұдан кейін 40% бойжеткен 18-24 жас аралығында аналары сатып алатын косметиканы қолданады.

Әпкеміз бен анамыз қолданатын косметиканың теріні қайта қалпына келтіру әсері мол, әрі жасқа байланысты компоненттері бар.

Ғалымдар жүргізген зерттеу барысында қыздардың косметика таңдау үшін анасы мен құрбысының пікіріне жүгінетіндігі анықталған. Алайда анамыз бен құрбымызды олар тек косметолог маман болған жағдайда ғана тыңдағанымыз жөн.  

Сурет: Айым Сейтметованың жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай