Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Табиғат аясындағы макияж

Табиғат аясындағы макияж

Табиғат аясындағы макияж

Көптен күткен жаздың алғашқы күні де келіп жетті. Тау бөктерлері мен өзен жағаларына дем алуға барсаңыз, өзіңізге қаладағыдай күтім жасау керек емес деп ойламаңыз. Әрине салтанатты көйлек киіп, кешкі макияж істеу қажет емес. Алайда, табиғатқа серуенге шыққанда өзіңізбен бірге мына заттарды алып шыққаныңыз жөн:

 

Макияж сүртуге арналған сулықтар

Олар макияжды экстемалды жағдайларда сүртуге арналған. Соның арқасында табиғат аясына бет терісін жуатын гель, макияж сүртетін сұйықтық пен тоникты арқалап алмасаңыз да болады. 

Құрғақ сусабын

Табиғатта бірнеше күн қатарынан болсаңыз, шашыңыз майланып, басыңыз кір болары анық. Ал күнді табиғатта өткізетініңізге қарағанда, бұған көп уақыт керек емес екенін аңғаруға болады. Құрғақ сусабын шашыңызды майлы жылтырдан арылтып, жағымды иіс қалдырады. Оны басыңызға сеуіп, біраз уқалап, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Опа сияқты бұл сусабын өзіне кір мен майды сіңіреді. Сусабын қалдықтарын тарақ көмегімен алып тастаса болады.

Қолға арналған антибактериалды гель

Өзіңізбен қол жуу үшін бөтелке су мен сабын алғанның орнына, қолға арналған антибактериалды гель алыңыз. Алақанға бір тамшы гель құйып, қолыңызды ысқылап жіберіңіз. Гель қолыңызды кір мен бактериялардан тазартып, тамақ әзірлеуге кірісе берсеңіз болады.

Күннен қорғаныс кремі

Күн сәулесі ерекше әсерлі болады. Бетіңіз бен денеңізге SPF көрсеткіші қалада қолданатын креміңізден әлдеқайда жоғары кремді жаққан абзал. Егер өзенге шомылып, не бетіңізді, қолыңызды сумен жусаңыз, кремді қайта жағыңыз. Күннен қорғану үшін көзілдірік пен бас киім жайлы да ұмытпаңыз. 

BB-крем

Бетіңіздің түсін жақсарту үшін күнделікті реңк беруші кремді жағатын ба едіңіз? Табиғат аясында отырып, мұны істеу біршама қиын болар. Сондықтан құрамында күнделікті жағатын крем мен реңк беруші кремнің қасиеттері бар BB-крем алғаныңыз жөн. 

Суреттер: beautyinsider.ru, irecommend.ru, ashiontime.ru, ua.oriflame.com

1720 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 01 маусым 2012, 13:58
Пікірлер
+0
01 маусым 2012, 15:29

Жақсы кеңестер. Құрғақ сусабын туралы бірінші рет естіп отырмын. :roll:

+0
01 маусым 2012, 15:29

куннен коргайтын крем барине керек!

+0
01 маусым 2012, 16:00

BB-крем деген қызықтырып қалды...

+0
01 маусым 2012, 22:48

ВВ крем керек-ақ...

+0
02 маусым 2012, 21:04

Термольная вода деген керек сосын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...