Оңтүстіккореялық косметика өнімдері #3

Оңтүстіккореялық косметика өнімдері #3

Бұған дейін сіздермен TonyMoly және TheFaceShop брендтерінің өнімдері туралы ақпаратпен бөліскен болатынбыз:

Оңтүстіккореялық косметика өнімдері #1

Оңтүстіккореялық косметика өнімдері #2

MISSHA (Миша) – оңтүстіккореялық көшбасшы брендтердің бірі. Оның негізі 2000 жылы қаланған, әрі тұтынушылардың жүрегін бірден жаулап алды. Қазіргі кезде отыздан астам елде мыңнан асатын дүкендері бар. Қазақстанда 10 дүкені - Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе қалаларында ашылған. Missha компаниясы «сапа қолжетімді болуы тиіс деген философияны ұстанады.  Ал брендтің негізгі ұраны: «Өз теріңізді сүйіңіз, өз жаныңызды сүйіңіз». Missha брендінің өнімдері жоғары сапалылығымен, қолжетімді бағасымен және сән-салтанатты қаптамаларымен ерекшеленеді.

"SIGNATURE" сериясының өнімдері мінсіз макияж бен қайталанбас образға ие болғысы келетіндер үшін. Барқыт текстура, теңдесіз түстер және алтын түстес нәзік гүлмен безендірілген әдемі дизайн – SIGNATURE сериясының басты қолтаңбасы.

BB кремдері: 3 600-7 050 теңге аралығында;

Бетке арналған косметика: орташа бағасы - 6 000 теңге;

Ерінге арналған косметика: 3 750-4 500 теңге аралығында;

Көзге арналған косметика: 3 000-6 250 теңге аралығында.

"THE STYLE" топтамасы нағыз сәнқой қыздарға арналған. Түрлі реңктер мен текстураға бай коллекция жарқын, әрі бірегей образ жасауға көмектеседі. Бұл өнімдердің сапасы жоғары, құрамында табиғи ингредиенттер бар.

Көзге арналған косметика: 500-2 150 теңге аралығында;

Бетке арналған косметика: 700-3 000 теңге аралығында;

Ерінге арналған косметика: 1 300-2 150 теңге аралығында.

"MISA"  - Шығыс терапиясы негізінде дайындалған қарқынды нәрлендіру мен нығайту сериясы. Өнім құрамына бал, адамтамыр, камфора, есекмия, марал мүйізінің сығындысы, сүректі саңырауқұлағының ферменті, алтынның ұсақ бөлшектері сияқты сирек кездесетін, жылдам әсер ететін қосындылар кіреді. "MISA"  топтамасының құралдары теріні нәрлендіріп, жазылуына, тыныштануына көмектеседі. Серия 35-55 жас аралығындағы әйелдерге арналған.

3 850-11 750 теңге аралығында

PRIME 24R GOLD

5 400-12 200 теңге аралығында

"PRIME 24R GOLD" — "Missha" брендінің басты қазынасы. Ол төрт премиум-класқа жіктелген. Құрамында жоғары сапалы, сирек кездесетін алтынның ұсақ бөлшектері, жылан уында болатын квазипептидтер, ұлу шырышының, қара уылдырықтың, адамтамырдың сығындысы сияқты басқа да күшті әсер ететін заттар кездеседі. 28-45 жастағы нәзік жандыларға арналған.

SUPER AQUA

2 400-8 400 теңге аралығында

"SUPER AQUA" - әр түрлі типтегі теріге арналған косметикалық өнімдер жинағы. Бұл жерден күн сайынғы бетті тазалау мен теріні терең тазартуға арналған құралдарды таба аласыз. 18-35 жас аралығындағы қыз-келіншектерге арналған.

URBAN SOUL

2 300-6 250 теңге аралығында

"URBAN SOUL" косметикалық сериясы арнайы ерлер терісінің күтіміне арналған. Ол үш класқа бөлінген: сергіткіш ақ топтама (20-30 жас аралығындағы ерлер үшін), қартаюға қарсы қызыл топтама (25-40 жастағы ерлерге  арналған), экстремалды қалыпқа келтіретін қара топтама (25-40 жас аралығындағы ерлер үшін).

TIME REVOLUTION

3 750-13 800 теңге аралығында

"TIME REVOLUTION" 35-50 жас аралығындағы әйелдердің терісін қарқынды нәрлендіруге арналған жинақ. Жинақ қолданылу мақсатына қарай үш түрге бөлінеді: ақ – жаңартатын, қоңыр – қартаюға қарсы, көк – түнгі қалыпқа келтіретін. Бұл өнімдер терідегі әжімдерді жазуға, серпімді болуына көмектеседі. 

"M" сериясының өнімдері терінің табиғи түсін сақтай отырып, кемшіліктерін жояды. Жібек текстуралы косметиканы жағу кезінде теріге зиянын тигізбейді.

Көзге арналған косметика: 2 050-5 000 теңге аралығында;

Бетке арналған косметика: 1 300-5 400 теңге аралығында;

Ерінге арналған косметика: 2 850-3 200 теңге аралығында.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: missha.kz, missha-shop.ru, facebook.com

Y. Smaghul