Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Косметиканың қолдану уақыты қандай?

Косметиканың қолдану уақыты қандай?

Косметиканың қолдану уақыты қандай?

Күнделікті қолданатын косметикаңызға соңғы рет қашан тексеріс жүргіздіңіз? Оның сақталу мерзімі мен қолдану уақыты түрлі болатынын білесіз бе? Біріншісі - косметикалық заттың жалпы сақталу уақытын, ал екіншісі - ашылғаннан кейін оны еш қорықпастан қанша уақыт қолдану керектігін білдіреді.

Кірпікке арналған тушь

Тушь - ерекше ұқыптылықты талап ететін косметикалық құралдардың бірі. Оны ашқан бойда, ішіне жүздеген бактериялар мен шаң кіріп, кірпікке жаққанда, көзге микробтар түсіріп, көздің қызаруына әкеліп соқтыруы да мүмкін. Осындай жағдайға тап болмас үшін тушьті 2-3 ай сайын ауыстырып тұрғаныңыз жөн. Сондай-ақ, есіңізде болсын: егер тушьтан жаман иіс шығып жатса, оны қолданбай-ақ қойғаныңыз дұрыс. Бұл ереже тушь қоюлана басталғанда да орындалуы керек. Тушьті құрғақ жерде сақтаңыз, ваннадағы сөре - тушь үшін ең жағымсыз орын.

Реңк беруші крем

Реңк беруші кремдердің құрамында су болады. Демек онда бактериялардың дамуы әбден мүмкін. Ашылмаған крем бірнеше жылдар cақтала алса, қақпағы бір ашылған кремді 6 айда бітіріп тастағаныңыз абзал. Сондай-ақ кремді дымқыл, ылғалды жерлерде, мысалы ванна бөлмесінде сақтамаған жөн. Кремді күн сәулелері түспейтін, тіпті салқын жерде сақтаңыз. Реңк беруші кремді жағатын спонжды жиі ауыстырып тұру керек.

Опа

Көбінесе опаны жарты жылдан бір жылға дейін қолданса болады. Құрамында тальк сияқты консерванттар бар опалар бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін. Опаңызды құрғақ, салқын жерде ұстаңыз. Опаңыздың өмірін ұзартатын тағы да бір кеңес: оның бетін жақсылап жауып қойыңыз, еш уақытта опаны саусақпен жақпаңыз. Жаққыш спонжды жиі жуып, ауыстырып тұрғаныңыз жөн.

Еңлік

Еңлігіңіз опа түрінде болса, оны 16-18 ай бойы еш қорықпастан қолдануға болады. Ал крем еңлікті жыл сайын ауыстырып тұрыңыз. Оның ғұмырын ұзартамын десеңіз, еңлікті қараңғы, құрғақ жерде сақтап, жаққышты жүйелі түрде тазартып тұрыңыз. 

Қабақ бояуы

Қабақ бояуы көзіңізді қызартып, артық мазалағанын қаламасаңыз, оны жарты жыл сайын ауыстырып тұрыңыз. Бұл крем бояуларға қойылатын талап болса, құрғақ бояулардың ғұмыры бір жыл болады. Құрғақ бояулардың бетін үстіне спирт шашып, сүртіп, тазалап тұрса болады. Ал егер сіз қабаққа бояуды саусақтармен жағатындар қатарынан болсаңыз, басында қолыңызды жақсылап сабынмен жуып алыңыз. 

Көзге арналған сүрме мен қарындаш

Сүрмені 3 ай сайын ауыстырып тұру керек: оның ішіне бактериялар тез тарайды. Ал көзге арналған қарындаштың ғұмыры ұзағырақ, тек оны жиі ұштап тұрыңыз. 

Ерін далаптары

Далап пен ерінге арналған басқа да жылтырларды 9-12 ай сақтауға рұқсат. Оларды температуралық өзгерістерден сақтап (тоңазытқышқа салуға болмайды!) күннің түсуіне жол бермеңіз. 

Сурет: liveinternet.ru.

1476 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 мамыр 2012, 13:00
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 14:08

Көбі уақыт мерзіміне көп мән бере бермейді. Ал мерзімі өткен нәрсенің пайдасынан зияны көп. Рақмет, Өте орынды кеңестер.

+0
18 мамыр 2012, 15:19

Жақсы кеңестер!

+0
18 мамыр 2012, 16:02

жақсы
:D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...