Теріні күнге күйдірмес бұрын...

Теріні күнге күйдірмес бұрын...

Күн сәулесінің теріге біркелкі әсер етуі денсаулыққа пайдалы екенін бұрыннан жақсы білеміз, сонымен қатар теріні күнге жеңіл күйдіріп, сымбаттылығымызды арттыруға да болады. Ең бастысы, күн ваннасын шектен асырмау және теріні дұрыс дайындау.

Күн астында жүргенде ағзада зат алмасу процестері жеделденеді, қан құрамында гемоглобин саны артып, тері оттегімен қамданады, болашақта остепороздың алдын алатын D дәрумені түзеледі, ал күн сәулесі көңіл-күйді көтереді.

Бірақ күн астында рахаттана жатпас бұрын, теріні дайындап алу қажет.

Тері пилингін жасау


Пилинг теріні жансызданған бөлшектерден тазартады және бұл өз кезегінде ультракүлгін сәулелердің терінің терең қабатына енуіне көмектеседі. Пилинг үшін кез келген скраб жарай береді. Құрылғыны теріге жағып, бірнеше минут уқалап, жылы сумен жуып тастаңыз. Маңызды: күн ваннасын қабылдар алдында пилинг процедурасын 2-3 рет жасау керек. Осылайша, теріні күнге күйдіруге дайындықтың өзіне 7-10 күндей қажет болады.

Дәрумендер қабылдау


Күнге біркелкі күю үшін дәрумендер курсын қабылдау қажет. Мысалы, «Фемикод күнге жеңіл күю» дәрумендер кешені терінің күннің әсеріне деген иммунитетін көтереді. Таблеткалар құрамындағы бета-каротин мен С дәрумені пигмент дақтарсыз күнге күюді қамтамасыз етеді, терінің ерте қартаюының алдын алады және қараторылықты ұзақ уақытқа сақтайды. Бір стақан сәбіз шырынына бір тамшы зәйтүн майын қосып, күнделікті ішу де иммунитетті күн ваннасын қабылдауға дайындайды

Жеміс қышқылы бар құрылғыларды пайдаланудан бас тарту

Жеміс қышқылы бар құрылғылар теріде пигмент пайда болуына әсер етеді, сондықтан жазғы уақытта тұтынудан бас тарту қажет.

SPF кремін жағу

Күнге шықпас бұрын теріге SPF-қорғанысы бар кремді жағып алыңыз. Бұл құрал теріні ультракүлгін сәулелердің теріс әсерінен қорғайды және біркелкі күюін қамтамасыз етеді.

Сурет: Shutterstock.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina