Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шашқа зиян әдеттер

Шашқа зиян әдеттер

Шашқа зиян әдеттер

Қайта-қайта шашыңды уқалап, кейде тіпті шаштың ұшын ауызға салып алатын да әдетің бар ма? Оған тағы фенмен кептіру, ыстық үтікпен түзету сияқты мәселелерді де қос. Мұның бәрі шаштың құрылымына әсер етпей қоймас.

№1-мәселе. Қолыңмен шашыңды ұстай беру, не шашыңның ұшын саусағыңа орай беру әдеті.

Бұл біріншіден, шаштың тез майлануына әкеп соғады. Шашты күнде жуудан шаршаған жоқсың ба? Ал екіншіден, шаш ұштарының әлсізденіп, тез түсуіне әкеледі.

Бұл әдеттен арылу үшін қолың босай қалған кезде, қолға ала қоятын жұмсақ доп не пластилин сатып ал. Қолың сәл босап, шашыңа қарай бара жатқанда, сол жұмсақ затты умаждағаның дұрыс. Және осындай әдеттердің артында көбіне эмоционалды толғаныс тұрады. Ойды тазартып, өзіңді жеңіл сезіну үшін спортпен шұғылдан, йогаға бар, тағы сол сияқты сүйікті ісіңмен айналыс. Жүйкең тыныш жүрсін.

№2-мәселе. Шашыңды күнде фенмен кептіресің, шашқа арналған үтікпен түзетесің.


Ыстық температура шаш құрылымына әсер ететіндіктен, шаштың түбі құрғап, беріктілігі мен икемділігінен айрылады. Уақыт өте келе, шаш құрғап, көп түсетін болады.

Барынша шашыңды табиғи жолмен кептіруге тырыс. Болмай жатса, жоғары температурадан қорғап, ылғалды сақтайтын термоспрей, мусс, көбіктерді қолданғаның жөн.

№3-мәселе. Шашыңды жоғарыдан төменге қарай бір ғана қимылмен тарайсың.

Егер шашыңды түбінен ұшына дейін тез-тез, шатасқан шаштармен қоса жұлып, тарап шығу сен үшін қалыпты болса, бұл дұрыс емес. Мұндай кезде, жаңадан өсіп келе жатқан шаштарыңды да түсіресің. Ал мұндай жолмен ешқашан шашың қалыңдамайды.

Шашыңды абайлап тарауды үйрену керек. Қолдарыңмен ұстап, бөлшектеп, түбірінен ұшына қарай асықпай тараған жөн. Шаш таралған уақытта зақымданбауы тиіс. Және де тарақ таңдағанда да талғампаздық таныт.

№4-мәселе. Дымқыл шашпен далаға шығып кетесің.


Фен сынып қалып, далаға дымқыл шашпен шығып кете беру әдетке айналды ма? Температураның күрт төмендеуі сезімтал әрі нәзік шаш құрамына әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде шаштың түсуіне әкеп соғады. Сонымен қатар, бас терісі табиғи жолмен кеппесе, ағзаның суықтанып қалу қаупі бар.

Шашты әрдайым бөлме температурасында кептір. Және ешқашан су шашпен ұйықтауға жатпа. Егер шашыңды таңертең жуамын десең, ертерек тұр, боянып болғанша, шашың орамалға байланып тұрсын, бұл кезде біраз кеуіп қалады.

№5-мәселе. Шашыңды орамалмен уқалап кептіресің.

Шашты кептіру үшін орамалмен қатты уқалау шашқа өте зиян. Біріншіден, шашты уқалаған сайын ол шатасып, ұйысып қалады. Оны тарқату үшін де біраз қиналу керек. Егер шаштаразға барып, байқасаң, шаштараз шашыңды массаж жасағандай уқалап, жуады да орамалға орап, суын сіңіріп, кептіреді. Осы әрекетті өзің де қайталап, шашты солай кептіргенің жөн. Не болмаса, су шашты орамалға орап, тюрбан етіп байлап қой да, 5 минуттай ұста. Одан кейін алып, ақырын тарақпен тара.

Шаш төңірегінде тағы да оқимын десең:

 

Суреттер: pretty-womens.ru, happy-giraffe.ru, marafet.net

3772 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 03 мамыр 2012, 08:28
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 09:30

табиғи жолмен кептіруге шыдамай кетем, фенге бағынышты болып қалдым :roll:

+0
03 мамыр 2012, 10:20

1- мәселе бойынша айтылған әдеттерден аулақпын;
2- фенмен кептіруді үйрене алмай-ақ қойдым :) ;
3- шашымды тез-тез тарамай, баппен тарап, түптеріне тарақпен массаж жасап тұрамын;
4- жазда болмаса дымқыл шашпен далаға шықпаймын;
5- шашымды орамалмен уқалап сүртіп кептірмеймін. Себебі, су шаштардың түптері әдеттегіден бос болады, ал қатты уқалау немесе тарау оның көптеп түсуіне әкеп соғады. Жай ғана орамалмен орап қойып кептіремін. Және су шаштарды сүртіп кептіру оның жиі ұштануына әсер етеді.

+0
03 мамыр 2012, 10:25

Шашымды күніге жуа беруден әбден шаршадым! Үтіктеуден де!... :oops:

+0
03 мамыр 2012, 23:47

Фенсіз қалай өмір сүруге болады?

+0
06 мамыр 2012, 17:31

Kyzylordaga KEL)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...