Мерзімі таусылған бұйымдарды лақтыруға асықпаңыз

Мерзімі таусылған бұйымдарды лақтыруға асықпаңыз

Сатып алынған косметикалық бұйымның мерзімі өтіп бара жатыр, не болмаса түбінде қалған аз қалдықтың сымбаттылығымызды арттыруға еш көмегі тиер емес. Мұндай кездері төмендегі қулықтарды пайдаланып, жарамсыз заттарды өз кәдемізге жаратуға болады:

1. Түбінде қалған иіс суды ванна толы суға құйып, шомылсаңыз, денеңіз сүйікті иісіңізге бөленеді.

2. Еңлікті далаппен алмастырсаңыз болады және керісінше.

3. Тушь бітіп жатса, түтіктің ең жоғарғы жағындағы қосымша фиксаторды алып тастап, сүйікті тушыңызды тағы біраз уақытқа пайдалана аласыз.

4. Егер шашқа арналған сусабын, не болмаса гель бітіп жатса, ішіне су құйып, шайқап, қайта пайдалансаңыз болады.

5. Тіс пастасы бітіп жатса, ортасынан кесіп, ішінде біраз паста бар екенін аңғаруға болады.

6. Босаған иіс су түтігін киімдеріңіз тұрған шкафқа салып қойсаңыз, киімдеріңіз иіске мүңкіп тұратын болады.

7. Арнайы шашақтың көмегімен тушь қалдығын көз бояйтын сүрме ретінде қолдансаңыз болады, не болмаса қасыңызды бояғыш ретінде де.

8. Ұнамаған лак түсімен моншақтарды бояуға болады.

9. Егер кремнің қолдану мезгілі таусылса, лақтыруға асықпаңыз. Оны денеңізге лосьон ретінде жақсаңыз болады.

10. Кейбір кремдер мен лосьондарды ерлерге де жағуға болады. Арнайы крем сатып алмай-ақ, ортақ қолдану арқылы да біраз ақша үнемдейсіз.

Суреттер: magweb.ru, novate.ru

A. Mustafina