Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Фирмалық әтірді жасанды көшірмесінен ажырату жолдары

Фирмалық әтірді жасанды көшірмесінен ажырату жолдары

Фирмалық әтірді жасанды көшірмесінен ажырату жолдары

Көшірмені нағыз әтірден қалай ажыратуға болатынын білгіңіз келе ме? Оны еш сараптамасыз жасаудың бірнеше құпиясы бар. Біле жүріңіз. 

Әркім нағыз әтірді себінгісі келеді. Ол жұпар иіс, сол иістің беріктігі мен денсаулығыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бірақ, өкінішке орай, парфюмерия саласындағы қолдан жасалған өнім қатары өте көп. Ал оларды екінің бірі ажырата бермейді.  

Фирмалық әтірді жасанды көшірмесінен ажырату жолдары – қаптама

Алғашқы ереже бойынша, әтірдің түпнұсқасын таңдау үшін оның қаптамасына көз салыңыз. Сыртындағы целлофан оны тығыз қаптап тұру керек. Және маңыздысы, қаптама жанынан, қатырма қағазының оң және сол жағы бекітілген жерінен целлофан жұқа және түзу жапсырылуы қажет. Целлофанның қалыңдығына да назар аударыңыз – тым қалың болса, ойланатын жайт. Десе де, целлофансыз фирмалық қаптама да кездеседі, бірақ өте сирек.     

Әтір сыртындағы картонның өзі де қатты болу керек, іші сұр реңсіз, міндетті түрде ақ болуын тексеріңіз. Фирмалық қораптарда ешқашан жапсырма болмайды, логотип картонның өзіне басылып шығарылады. Әтір салынған қорапты қолыңызға алып, сілкіп көріңіз. Нағыз парфюмерияның жасандыдан айырмашылығы: ол бекітілген тіреуішке тығыз орнатылады, сондақтан қораптағы шиша салдырламауы тиіс.     

Заң талабына сай, Қазақстанға ресми жеткізілетін әтірлердің сыртында міндетті түрде қазақ тілінде жазылған затбелгі болуы тиіс. Онда өндіруші мекен-жайы, жарамдылық мерзімі және штрих-код жазылады.

Сонымен қатар, қораптарда «Париж-Лондон-Нью-Йорк» деген жазу жиі кездеседі. Брендте ешқашан мұндай жазу болмайды, бұл да жасанды әтір екендігін білдіреді.

Фирмалық әтірді жасанды көшірмесінен ажырату жолдары - шиша

Фирмалық әтірді таңдай білудің келесі тәсілдері парфюмерия құйылған шишаға қатысты.  

Шишаның әйнегі еш өзгешеліксіз және ауа көпіршігінсіз болуы тиіс. Бүрікпенің қақпағы болу керек, ал астындағы металл жиегі бос айналып тұрмай, тығыз бекітілуі тиіс.  

Фирмалық парфюмнің барлығының нөмірлік белгісі болады. Және ол жапсырылған затбелгі емес, шишаның астына әйнектің өзіне жазылады.   

Мыналарға сенбеңіз 

Фирмалық әтірді жасандыдан айыруға көмектесетін тағы бірнеше кеңес.

Егер сатушы шиша ішіндегі сұйықтық лицензия бойынша дайындалып, құйылды десе – ол өтірік. Француз әтірі Польша не Қытайда жасалуы мүмкін емес. Парфюмерлік брендтер өздері әлі шығарып жатқан өнімнің дайындау лицензиясын өзгеге бермейді.

Танымал ірі брендтер кішкентай пішінді шишаны сатылымға өте сирек шығарады. Сыйымдылығы 8, 9 және 15 мл қалам-спрейлерде фирмалық әтір болмайды, тек Сальвадор Дали бұл ережеге жатпайды.

Сурет: butik2.ru

3800 8
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 17 сәуір 2012, 16:10
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 16:14

parfum) есте сақтау керек

+0
17 сәуір 2012, 16:58

Қаптамаға назар салу керек болды :)

+0
17 сәуір 2012, 17:22

Нағыз француз әтірлері бізде болады дегенге сенбеймін. :roll:

+0
17 сәуір 2012, 19:17

parfum деп жазылып тур)

+0
18 сәуір 2012, 19:20

parfum деп жазылған, бірақ нөмерлік белгісі жапсырылған екен, әйнектің астында жазылмаған :( иә, негізі бізде нағыз француз әтірері болатынына менде сенбеймін :cry:

+0
29 сәуір 2012, 19:54

eau de parfum (parfumerdi su) men eau de toilette (tualetnaya voda :D) atir parfum bolyp sanalmaidy. Bul uwtiktin bari de parfumerlik onimge jatady, alaida eau de toilettede parfum extractisi az, 10-15 %, eau de parfumde 25% dein, al parfume, nagyz atirde extract koncentraty 30% dein jetedi. (er adamdardyn kop iis sulary eau de toilette bop keledi)

+0
29 сәуір 2012, 20:12

Французский домда жоқ нағыз әтір. Бағалары шарықтап тұрса да, көбісі (өзім қолданатындар) жақсы жасалған көшірме ғана.
Нағыз иіс суды иісінен ажыратуға болады. Ол үшін әтірді теріге жағып, иіскеу керек. Спирттің иісі дым қатты болмау керек немесе аңқыған, мұрын жаратын иіс болмау керек.

+0
30 сәуір 2012, 14:23

бұл қыздарға жақсы кеңес екен!?
:lol: :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...