Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шашты қалай түзу етуге болады?

Шашты қалай түзу етуге болады?

Шашты қалай түзу етуге болады?

Қазір шашты түзеудің түрлі тәсілдері бар. Қаласаңыз, толқынды бұрымыңызды бір күнге, не ұзақ мерзімге жібектей түзу ете аласыз. Егер бұйраңызды бір күнге ғана түзеткіңіз келсе, термикалық әдісті қолданыңыз (ыстық тарақ, «үтік» не қысқыш). Бір аптадан артық уақытқа жететін берік нәтиже алу үшін химиялық түзеткішті қолдану қажет. Енді әрқайсысына толығырақ тоқталайық.                              

Термикалық әдіс

Шашты жоғары температурамен өңдеу арқылы қысқа мерзімге түзу етуге болады. Ыстық фен және дөңгелек үлкен тарақ - мұндай әдістің таптырмас құралы. Оларды қолдану тәртібі: тарақты сулап, шашты бірнеше бұрымдарға бөліп, әрқайсысына ыстық ауаны бағыттай отырып, шаштың түбінен бастап тартып тараймыз. Алайда тас бұйра, не қатты шаштар үшін бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Ондай жағдайда арнайы ыстық «үтікті» қолдануға тура келеді. Олар шашты қысып ысыту арқылы түзу қылады. Металл «үтіктер» мен қысқыштар әдетте шашты зақымдайды. Ал керамикалық «үтіктер» сәл жұмсақ ысыта алады. Оның жылуы пластиналардың ұзына бойына тарап, шаштың сабағына кері әсерін тигізбейді.                                           

Химиялық құралдар

Химиялық құралдарды қолдана отырып, шашты ұзақ мерзімге түзу етуге болады. Оның әсері шаштың толық қайта жаңаруына дейін дерлік, яғни шаш түбінен толық ұзындығына дейін өскенше жетеді. Осы күнде негізінен үш химиялық түзету құралы қолданылады. Бірінші кезекте натрий гидрототығын қарастырайық. Бұл қоспа сілтілі, айтарлықтай агресивті сипатқа ие. Ол шаштың сабағына оңай еніп, оны шамалы дүмпите отырып, шашқа жұмсақтық береді. Нәтижесінде шаш көлемді, жібектей түзу болып шығады. Алайда натрий гидрототығы арзан және тиімді түзету құралы болғанмен, оны жиі қолдану шаш күйіне кері әсер етеді.      

Гуанидин гидроксидінің химиялық әсері жұмсағырақ деп есептелінеді және сілтісіз түзету құралына жатады. Дегенмен, шыны керек, кей мамандар бұл қоспа шашты құрғатады деген ойда.

Ал ең жұмсақ және зияны аз түзету құралы ретінде аммоний тиогликолят танылған. Ол қымбат болғанымен, ең сапалы препараттар қатарына қосылып отыр.

Бұл құралдардың қай-қайсысы болса да, шаштың құрылысын бұзу арқылы ғана оны белгілі бір мерзімге түзей алады.     

Сұлулық салонында шашты қалай түзу етеді?

Кәсіби шаштараз шашты қарап, әсері дәл сол шаштың сипатына ең тиімді келетін түзету құралын таңдайды. Түзету құралдарымен қатар, шаш қалпын жақсартатын түрлі косметикалық өнімдерді қолданған жөн. Ол мұндай процедурадан кейін шаштың тез қалпына келуіне септігін тигізеді.

Жоғарыда айтылған сәндеу құралдары мен тәсілдерінің барлығы шашты бүлдіретінін есіңізден шығармай, шашты сәндеумен қатар, түрлі маска, майларды қолданып, күтуді де ұмытпаңыздар.       

Сурет: informi.ru

20734 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 13 сәуір 2012, 17:08
Пікірлер
+0
13 сәуір 2012, 18:35

суреті тема :D

+0
13 сәуір 2012, 18:38

үтікпен түзеймін шашымды, бірақ жазбадан үтік шашты зақымдайды дегенді оқып алып біртүрлі болып отырмын енді :roll:

+0
13 сәуір 2012, 18:52

Менің арманым ғо түзу шаш

+0
13 сәуір 2012, 19:11

Менің шашым түзу, менде ондай проблема жоқ :D

+0
13 сәуір 2012, 19:19

менің де шашым түзу бірақ кейде "үтікті" пайдаланамын :)

+0
13 сәуір 2012, 23:12

Бұйра шаштан шаршадыыым. Қаз шашымды тек қана түзу қылам))))

+0
14 сәуір 2012, 01:12

ойымша бұйра шаш адамды карі корсететін сиякты :roll: кудайга шукір шашым туп тузу бірақ оте қалың соған жыным келеді :evil:

+0
14 сәуір 2012, 15:46

менің шашым бар. соған шүкір.

+0
14 сәуір 2012, 23:52

суреттегі қыз барғой сұлулық үшін жаным пида деп жатыр ау :lol:

+0
15 сәуір 2012, 00:16

Үтіктеп жүріп отыздан асқанда тақырбас болатын жайым жоқ десең,ия? Негізі, ондайға бас қатырмаймын. Өріп, түйіп тастаймын, болды. Менің тізеден төмен түскен шашымды үтіктегенше... Уақыт құртқым келмейді.

+0
15 сәуір 2012, 16:35

Суреттегі қызға базар жоқ екен :lol: :lol: :lol:

+0
16 ақпан 2014, 14:23

короче былай шашты жуган сон фенмен кептирер кезде шашты су бетинде тузулеп тарап сол калыпта кептиру кажет ортасында тагы тарап-тарап кою керек сосын кептиру керек толыгымен

+0
07 қазан 2014, 22:14

Менің шашым түп-түзу ғо негізі,кекілім ғо бұйра :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...