Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Ошаған майының пайдасы

Ошаған майының пайдасы

Ошаған майының пайдасы

Бүгінде көп қыздың әңгімесі әсіресе шаш күтіміне келгенде, ошаған майымен (репейное масло) тығыз байланысты болып кеткені жасырын емес. Қыздардың біразы шаштарын ошаған майымен жуып, қорытындысын мақтанышпен айтып жүр. Неге десеңіз, ошаған майы:

  • Шаштың түсуін тоқтатады;
  • Шашты өсіреді;
  • Шашқа рең беріп, нәрлендіреді.

Дегенмен ошаған майын қалай қолдану керектігін білмей жататынымыз бар. Ошаған майын аларын алып алып, шашқа қалай жағу керектігін білмегендіктен, жақсы нәтижеге жете алмауымыз мүмкін.

Сондықтан біз сізге мына кеңестерді ұсынамыз:

  1. Шашыңызды жылы сумен жуыңыз.
  2. Шашты сығып, шаштың түбінен бастап, ұшына дейін массаж жасағандай етіп, ошаған майын жағыңыз.
  3. Полиэтилен пакетін киіп, басыңызды орамалмен орап қойыңыз. Компресті  1-3 сағатқа қалдырыңыз. Негізінде түнде ұйықтар алдында жағып, таңертеңге дейін қалдырған дұрыс.
  4. Шашыңызды шампуньмен жуыңыз. Кем дегенде екі рет жуып, сумен шайып тастаңыз.
  5. Шашты табиғи жолмен кептіріңіз.

Процедураны аптасына 1-2 рет істеп тұрыңыз. Кем дегенде 10-12 рет жасаңыз.

Ошаған майы сондай-ақ тырнаққа, теріге, кірпікке пайдалы.

  • Тырнақтың сынуы мен сау болып өсуі үшін оған ошаған майының бірнеше тамшысын тамызыңыз.
  • Кірпікті өсірем десеңіз, күніне бір рет кірпікті ошаған майымен сүртіңіз. Қорытындысы бір-екі аптада белгілі болуы керек.
  • Ванна қабылдағанда, суға ошаған майының бірнеше тамшысын тамызсаңыз, теріңізге пайдасы орасан болмақ.

Ошаған майын дәріханадан алған дұрыс. Бағасы 500-600 теңге тұрады.

Ошаған майын қолданып көрген болсаңыз, кеңес қосып, пікір білдіре отырыңыз. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

сурет: eld.ru, mia.blog.top.lg.ua 

9787 3
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 22 маусым 2013, 18:52
Пікірлер
+0
22 маусым 2013, 21:16

Қолданып жүрмін, 2-3 айдан кейін нәтижесін беру керек. Негізінде сыртында жылы суға қойып алып, содан кейін жағып 20-30 мин ұстау керек деп жазылған. Таңертеңге дейін қалдыруға болатынын білмеппін))))

+0
22 маусым 2013, 22:46

Қай маманнан сұрасаң да шаш күтіміне байланысты кеңесті дәл осы ошаған майынан бастайды, мақтайтындар да көп! Кірпікті өсіретініне қызығып отырмын ше )

+0
21 тамыз 2013, 13:20

Ошаған майын 1 айдай қолданып, нәтижесін енді көріп отырмын. Шашымның ұзындығы өсті! Керемет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...