Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шаш жинаудың 5 себебі

Шаш жинаудың 5 себебі

Шаш жинаудың 5 себебі

Шашыңызды жайып жүргенді ұнатасыз ба? Әлбетте, қазақ қызына тән ұзын, күтімді, толқынды қара шашқа не жетсін? Дегенмен, кей кезде шашыңызды жинап жүруге тура келеді. Ол қандай кездер дейсіз бе? Ендеше мына тізімге көз жүгіртіңіз.

Шаршап, ұйқыңыз қанбаса. Жіберілген шаш, әсіресе ұзын бетті созып, арық қылып көрсетеді. Сол себепті, мазасыз, ұйқысыз түннен кейін одан бетер қалжырап көрінбес үшін шашыңызды жоғары түйіп қойыңыз. 
Егер сіз іскерлік кездесуге бара жатсаңыз. Жіберілген қалың шашыңыздың сәні керемет екеніне шүбәміз жоқ. Алайда жұмыс бойынша кездесулерге шашыңызды жинап барғаныңыз дұрыс. Ұқыпты шаш сәні мен іскер костюм сіздің жақсы маман екеніңізді бірден көрсетеді. 
Егер  шаштаразға бармағаныңызға көп болса. Шашыңыз қандай сұлу болса да, арасында шаштаразға барып, шаштың ұштарын жаңартып тұру керек. Ауа-райы мен феннің әсерінен шаштың ұштары жұқарады. Бұл онша әдемі көрінеді деп айта алмаймыз. Сондықтан шашыңызды жинап, тез арада шаштаразға барып келіңіз!
Егер сіз жаңа әшекей бұйымдарыңызды көрсетіп, мақтанғыңыз келсе. Жаңа сырға не моншақты көрсету мақсатымен шаш жібергеннен пайда аз. Жіберілген шаш жаңа бұйымдарыңыздың әдемілігін толықтай көрсете алмайды. Сондықтан, бұндай жағдайда шашыңызды жоғары түйіп, басыңызды жоғары көтеріп шыға беріңіз!
Егер сізді салтанатты кешке шақырса. Мерекелік жиындарға шашыңызды жоғары жинап барғаныңыз  дұрыс. Салтанатты көріну үшін шашыңызды сәнді әшекеймен түйсеңіз болады.

Суреттер: dailymail.co.uk, timelady.ru, liveinternet.ru, hochu.ua, asteza.kz.

17667 19
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
27 наурыз 2012, 11:30

соңғы кезде шашымды түйгенді ұнатып жүрм :mrgreen:

+0
27 наурыз 2012, 12:44

сізге түйген жарасады екен!

+0
27 наурыз 2012, 14:18

рақмет :D

+0
27 наурыз 2012, 11:33

Шашым өсіп кеткенде буып жүрем. Шаштаразға баруға уақыт болмай кетеді :D

+0
27 наурыз 2012, 11:44

Шашымды жайғаннан буғанды ұнатамын.

+0
27 наурыз 2012, 14:20

Менікі ұзын, көбіне буып жүремін, жайсаң өзіңнен өзің әбіржіп кетесің :lol:

+0
27 наурыз 2012, 15:54

қаравотцам бәріңіздің авада шаштарыңыз буулы емес жаюлы ғо :?

+0
27 наурыз 2012, 17:15

ертең буып түспесем

+0
27 наурыз 2012, 21:12

ия! сөйтіңішші) көрейік :)

+0
01 сәуір 2012, 01:27

ертеңнен бері ТӨРТ күн өтті...

+0
01 сәуір 2012, 01:38

))маған одан не пайда?

+0
01 сәуір 2012, 01:41

айтқан өзіңіз!!! сізді ешкім тіліңізден тартқан жоқ :D

+0
01 сәуір 2012, 01:43

Мирыма қіріп көріңізші тегі

+0
28 наурыз 2012, 11:33

меніңкі буулы :D

+0
27 наурыз 2012, 22:19

менің көңілім болғанда жайып жүремін, жұмысым көп, ызалы болсам және ыстық болса жинап аламын, негізі суреттердегі жиналған шашатар әдемі екен!

+0
28 наурыз 2012, 11:35

тағы бір себеп қосар ем, Тамақ жасап жатқанда да жинап тастау керек кой, иә

+0
28 наурыз 2012, 11:46

негізінде жайып жургеннен буып журген жаксы, жинакы коринесин озинде әбіржіп журмейсін))))

+0
31 наурыз 2012, 01:36

үнемі түйіп жүру, буып жүру де шашқа зиян сияқты. Кешке үйге келіп түйгенді шешкенде кәдімгіше жеңілдеп қаламын. Алып бара жатқандай қолаң шашым жоқ. Тек ұзындығы болмаса.

+0
01 сәуір 2012, 01:00

Шыным айтсам озім медицинада оқитын болгандықтан біз үнемі калпак киіп жүреміз азанда сәндеп барасын кешке ол шашты таппай қаласын.... Соңғы кездері шашыма мүлде қарағым келмейді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...