Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Дәріхана косметикасы - 2

Дәріхана косметикасы - 2

Дәріхана косметикасы - 2

Жақында ғана дәрі-дәрмектер, емдік майлар мен медицинада қолданылатын сұйықтықтарға басқа қырынан қарап, қасиеттерін тері күтім саласында да пайдалануға болатындығы жайлы айтып кеткен болатынбыз. Осы тақырыпты жалғастырып, дәріханадан табуға болатын "косметикалық құралдар" топтамасының екінші бөлігімен тансайық. 

1. Апилак                                               

Апилак – араның жатырлық сүтінен жасаланатын дәрілік зат. Бұл дәрі Кеңес заманында шығарыла басталып, бүгінде актуалдылығын жоғалтқан емес. Апилак жалпы иммунитетті жоғарылататын зат алмасу прцесстерінің биогенді ынталандырушысы, адаптоген, аминқышқылдар мен макроэлементтер мен көптеген дәрумендердің қайнар көзі. 

Апилак емдей алатын аурулар тізімі ұзын-ақ. Тәбеті жоқ балаларға, стресс пен аурудан кейін қалпына келу кезінде, тіпті белсіздікті емдеуде қабылданатын апилак, күнделікті қарапайым терінің қиындықтарымен де күрес алады екен.

Майын жағып, биологиялық белсенді қоспаны қабылдау нәтижесінде терінің майлылығынан арылуға, ісінген жерлерді басуға, терінің қозғыштығын жазуға болады.

Теріңіз өте майлы болса, Апилак майын аптасына бір рет теріге қалың қабатпен жағыңыз. Ал биологиялық белсенді қоспаны қабылдау нәтижесінде шаршағандық сезімінен арылып, стресстерден сауығуға, жалпы сергіп алуға болады.

2. Шайқурай, түймедақ, қалақай, әректікен (репей), кастор майлары                   

Өсімдік майларының барлығы кез келген дәріханада кездеседі. Табиғи өсімдік майлары шашты жақсы қоректендіріп, ылғалдандырады, шашты жалтыратып, қалпына келтіреді. Бағалары да арзан екенін есепке алсақ, олар жарнамаланған бальзам мен маскаларға жақсы балама бола алады.

Осы майлардың түр-түрін сатып алып, оларды ысытып шашқа жағыңыз. Аптасына бір-екі рет жасауға болатын бұл дауа шашыңызға табиғи беріктік пен жылтырды қайтарады. 

3. Ағылшын тұзы                                     

Ағылшын тұзы деп аталатын магний сульфаты немесе магнезия гипертония және бауыр ауруларына шалдыққан адамдарға таныс болуы керек. Магнезия жылдам қан қысымын төмендету үшін қолданылады. 

Ұнтақ ретінде жасалған магнезия қосылған ванна арықтата алады. Ол ағзадан артық сұйықтықтарды шығаруға көмектеседі, сол себепті ісінулермен ауыратындарға, бүйрек ауруына шалдыққандарға жақсы көмектеседі.

Ағылшын тұзының тағы да бір жақсы қасиеті бар. Ол теріні жақсы, терең тазартады, сондықтан тері кемшіліктері бар аруларға пайдалы бомақ. Тері аурулары, арқадағы безеулерден арылу мақсатында осындай тұз қосылған ванна қабылдау керек.  Алайда бұл дауаны бір айда бір реттен артық жасамаңыз.

4. Косметикалық саз (глина)                                                    

Косметикалық саз маскалары тері күтіміне қолданылатыны жайлы бәрімізге мәлім. Оған қоса, саз балшық қосылған ванналар, теріні орау өте пайдалы және әсерлі. Бұндай косметикалық сазды дәріханадан сатып алып, түрлі дауаларда қолданыңыз. Ақ саз құрғақ тері мен шашқа, жасыл саз кемшіліктері бар майлы теріге, көгілдір саз жалпы барлық тері түрлеріне келеді.

5. Сульсена пастасы                                                

Біздің ата-аналарымыз заманында танымалдылыққа ие болған Сульсена пастасы селен дисульфиді негізіндегі эмульсия. Оны шаш күтіміне кең қолданады. Ол қайызғақты кетіріп, бас терісінің ауруларын жаздырады. Сондай-ақ өңі кеткен, ұштанатын, тез майланатын, көп түсетін шашқа пайдалы болмақ. Ол шашты ішінен берік қылып, қалың, жылтыр, сау қылады. Сульсена пастасын қолдану нәтижесінде шаш тазалығы ұзаққа сақталады.

6. Ромазулан                                        

            

Ромазулан – микробтар мен ісінуге қарсы құрал. Оның құрамында түймедағы экстракты басты дәрілік эффектісін береді. Ромазуланды ваннаға, жасанды сусабын мен сабын, душқа арналған гельдерге, шаш пен теріге арналған маскалардың бәріне қосуға болады. Оны майлы және кемшіліктері көп теріге лосьон ретінде қолдануға әбден болады. Оны терінің тіпті қызыл иектің зақымданған жерлеріне жағып, дезодарант сияқты да қолдануға болады екен.

Дайындаған: Сания  Аринова

Суреттер: beahalthy.ru

7424 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 07:34
Тегтер: сымбат, дәрі,
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 09:57

Мен ешқайсысын қолданып көрмеппін :)

+0
06 маусым 2013, 13:58

керек дерек :D бірақ қауыпті емес пе екен :o дәрінің аты дәрі ғой :roll:

+0
06 маусым 2013, 13:58

сульсена-ны көру керек екен, шашым түсіп бітетін болды((

+0
08 маусым 2013, 20:04

өте керемет пайдалы ақпарат

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...