Әжімнің көзін құртатын бет маскасы

Әжімнің көзін құртатын бет маскасы

Жылдармен адам бетінде айшықты таңбалар мен айқын бедерлер пайда болады. Отыздың ордасынан табылған тұста, әжім түсіп, көз айналасын жаулап алады. Сосын, қырықтың қырқасында, көз айналасынан өрілген жол мұрын мен ауыз қастарына түсіп, үлкен даңғыл салмақ. Ақырында елуде мойындағы қыртыс пен бет әжімі қарттықтан құтылу мүмкін еместігін еріксіз мойындатады. 

Ақшасы бар жандар өз терілерінің қартайғанына құр қол қарап тұра алмас. Әр бет бөлігіне жанталас қылып, хирургиялық пышақ (скальпель) мен ботокске жармасады. Алайда, “Facewaver Exercise Mask” (“Бет массаж маскасы”) тұрғанда кардинальды шешімдер қабылдаудың еш қажеті жоқ.

Таяуда жапондық мамандар әжімнің көзін құртатын “Facewaver Exercise Mask” бет маскасын ойлап тауыпты.

Тұтыну жолы төмендегідей:

Өнім бет терісін түгел қамтыған күйі басқа киіледі. Ал қолданушы сол уақытта бет бұлшық етін қуатты түрде икемге келтіріп, қозғауы тиіс. Ақырында табиғи бет жұмсақтығы өзінің бастапқы қалпына келеді.

Сурет:skidkator.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига