Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Сусабын таңдайық

Сусабын таңдайық

Сусабын таңдайық

Шаштың әсемдігі мен саулығы оған көрсетілген күтімге байланысты. Шаш күтіміндегі алғашқы және басты қадам – сусабынды дұрыс таңдау. Шашыңыздың түрін, ерекшеліктерін есепке алып, оған қажет құрамдас бөліктермен танысып, дұрыс сусабын таңдайық.

Құрғаған шаш, қайызғақ

Түзулеткіш пен фенге әуес қыздар артынан осындай қиындыққа тап болады. Сондай-ақ жаңбыр, күн, жел, экология, жалпы денсаулық жағдайына байланысты көптеген арулардың шашы құрғақ, қайызғақты болады.

Сізге пайдалы болатын сусабынның құрамында келесі құрамдас бөліктер болуы керек:

  • Зәйтүн майы бас терісін ылғалдандырады.
  • Бал экстракты теріні жұмсартып, шашты мықты қылады.
  • Бидай экстракты шашты тамырынан ұшына дейін қоректендіріп, сынғыштығын кемітеді.
  • Зығыр дәндерінің экстракты бас терісінің жағдайын қалпына келтіріп, оны ылғалдандырады.

Сонымен құрамында осындай заттар бар, арнай қайызғаққа қарсы сусабын таңдаған дұрыс.

Жұқа, әлсіз шаш

Қате таңдалған сусабын, фен мен плойканы тым жиі қолдану, шашты бояу жұқа, әлсіз шаштарға әкелуі мүмкін.

Құрамында мынандай заттар бар сусабын сізге жағады:

  • Бал мен бидай протеины бас терісін жұмсартады.
  • Жожоба майы шашты берік қылып, әлсізденуден сақтайды.
  • Жасыл шай шаштың түсуін 70 пайызға кемітеді.
  • Глицерин қосылған сусабын шаш терісін құрғап кетуден сақтайды.
  • Жалбыз жапырақтарының экстракты бас терісін тыныштандырады.

Жұқа шаш иегерлеріне ылғалдандырғыш маскаларды қолданғанда абай болу керек, шамадан тыс ылғалдандыру шашты одан әрі әлсіздендіруі мүмкін.

Тым майлы шаш

Бас терісіндегі май бездерінің тым белсенді жұмысы сіздің шашыңыздың тез майлануының себебі болуы мүмкін. Сол себепті мынандай құрамдас бөліктерге назар аударғаныңыз жөн:

  • Эвкалипт пен гамамелим экстракттары май бездерінің жұмысын реттейді.
  • Емдік саз қосылған сусабын бас терісін терең тазартады.
  • Ментол бас терісіндегі қан айналымын реттеп, шаш тамырларын қоректендіреді.
  • Жожоба майы шашты жақсы тазартады.
  • Зәйтүн майы бас терісін өте жақсы ылғалдандырады.

Шашыңыз одан әрі майланбас үшін сусабынның құрамында майлы қосылыстар жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: zhenskiyzhurnal.ru 

4078 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 05:29
Пікірлер
+0
24 сәуір 2013, 09:40

сусабын ауыстыру керек болды)

+0
24 сәуір 2013, 16:24

әртүрлі сусабынды пайдалана берем))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...