Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Нобель премиясына үміткер оқушы қыз

Нобель премиясына үміткер оқушы қыз

Нобель премиясына үміткер оқушы қыз

Швециялық белсенді Грета Тунберг климаттық өзгерістің алдын-алу кампаниясы үшін Нобель сыйлығына үміткер атанды.

TIME пікірі бойынша, Грета 2018 жылдың ең ықпалды белсендісі атанды. Себебі ол мемлекеттердің басшыларын нақты іске көшуге шақыру үшін әлемдегі жүз мыңнан аса оқушының бейбіт ереуілге шығуына ықпал етті. 

Швеция парламентінің депутаттары Йенс Хольм мен Хокан Свеннелинг, сондай-ақ норвегиялық заң шығарушы орган өкілдері Фредди Андре Овстегорд, Мона Фагерос және Ларс Халтбреккен он алты жасар мектеп оқушысын Нобель сыйлығына ұсынды: "Біз Гретаның кандидатурасын ұсынып отырмыз, өйткені климаттық апат соғыс пен жанжалдардың негізгі себебі болуы мүмкін. Ол ұйымдастырған жаппай қозғалыс қоршаған ортаның игілігі үшін жасалған үлкен іс деп білеміз".

Грета зиянды қалдықтарды атмосфераға шығару бойынша 2015 жылы жасалған Париж келісімінің шарттарын орындауды сол келісімге қатысқан елдерден талап етіп, 2018 жылдың тамыз айынан наразылық бері акцияларын ұйымдастырып келеді.

"Менің ойымша, бұл әлі басы ғана. Адамдар көкжиектен өзгерістер байқағанда ғана, өз болашағының қамын жасай бастайды", – деді Тунберг Guardian-ға берген сұхбатында.

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, парниктік газдарды атмосфераға шығару тоқтатылмаса, оның кері әсері 2030 жылдарға қарай біліне бастайды, қалыпты температураның деңгейі артады.

2018 жыдың желтоқсанында Грета Тунберг БҰҰ климаттың өзгеруіне қатысты Польшадағы конференцияға қатысып, үкімет органдары мен заң шығарушы органдар экологиялық мәселелерге бей-жай қарап отыр деп айыптаған еді.

"Мұндай үлкен премияға ұсынылғаныма қуаныштымын. Бұл да экология проблемаларына назар аудартады деп сенемін", – деген еді Тунберг Aftonbladet-ке берген сұхбатында. 

2019 жылы премияға 300-ден аса кандидат ұсынылған (оның 85 – түрлі ұйымдар, 219 – жеке тұлғалар). Тізімге нақты кімдердің енгені белгісіз, себебі Нобель комитетінің ережесіне сәйкес, номинанттар атын 50 жыл бойы жария етуге болмайды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: ©GLOBAL LOOK Press
Қосылған күні: 15 наурыз, 11:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.