"Әлем аруы — 2018": Ванесса Понсе де Леон

"Әлем аруы — 2018": Ванесса Понсе де Леон
Фото: vk.com

8 желтоқсан күні 18 бен 26 жас аралығындағы 118 елдің аруы "Әлем аруы — 2018" байқауында бақ сынады.

Оны жеңген Ванесса Понсе де Леон есімді бикеш туралы ақпарат көп емес. Сол себепті көрерменге әлем аруына қатысты 5 дерек ұсынып отырмыз.

1. Ванесса — тарихта алғаш рет "Әлем аруы" атанған мексикалық сұлу.

2. Өз мансабын "Мексикалық топ-модель" жобасынан бастаған. Бұл әлемге әйгілі реалити-шоу. 

3. Ванесса Мексикадағы Гуанахуато университетін "Халықаралық бизнес" мамандығы бойынша бітірген.

4. Ванесса Ненеми мектебінде еріктілер тобымен бірге жергілікті балаларға тегін білім берумен айналысады.

5. Модель "кесадилья" дәмін ұнатады екен.  Бұл жүгері, ірімшік, көкөніс, саңырауқұлақ пен өзге де өнімдер қосылған ұлттық тағам. 

А. Оралқызы