Жер бетіндегі ең кәрі сарбаз

Жер бетіндегі ең кәрі сарбаз
Фото: i-fakt.ru

1892 жылы 30 мамырда Новгород губерниясының Белозерск қаласында, Санкт-Петербургтен үйіне қайтып келе жатқан жолда 107 жастағы Василий Николаевич Кочетков қайтыс болды. Ол жер бетіндегі ең қарт әскери адам болған. Себебі сексен жыл бойы орыс әскери бөлімінде парызын өтеп келген.

Ең қарт сарбаз 1785 жылы дүниеге келген. 1811 жылы 7 наурызда әскер қатарына қабылданып, оның ішінде лейб-гвардияның музыкалық аспаптарда ойнау бөлімінде болған.

1812 жылы жап-жас жігіт алғаш соғысқа қатысып, одан кейін Павлов гвардиясына өтіп, 1828-1829 жылдары аралығында Түркиямен болған ұрысқа қатысқан. 1833 жылы лейб-гвардияның пионерлер дивизиясына өткен. 1836 жылы В.Н.Кочетков жиыма бес жылдық әскери міндетін аяқтайды. Бірақ ол аяқтаудан бас тартып, тағы да әскер қатарында қалуды жөн көреді.

1843 жылы елу сегіз жастағы ардагер Кавказдағы соғысқа аттанады. Ол бұл соғыста үш жерінен жарақат алып, тоғыз ай бойы тұтқында болған. 1849 жылы өзіне берілген офицерлік атақтан бас тартып, әрі қарай борышын өтеуге кетеді. Ақыры жасы келе бастаған ардагер солдат 1851 жылы демалысқа шығады. Бірақ өзі тағы да бас тартып, демалысқа шығуы тек қағаз жүзінде қалады. Екі жылдан кейін Қырым соғысы басталып, Кочетков соғыс алаңына шақырту алады. Ол кезде қартаң солдат 68 жаста болатын. Соғыс аяқталған соң Александр ІІ патша қарт солдатты өзіне арнайы шақыртып оған зор марапат береді.

1869 жылы әбден шау тартқан қарт сарбаз кеудесіндегі таққан даңқтарын сырып қойып, Орта Азияда болып жатқан соғысқа сұранады. Оның бұл әрекетіне таң қалған Александр ІІ патша қолына елу рубль ұстатып жібереді.

1874 жылы Кочетков Петербургке оралып, патша сарайында тағы да марапатталады. Бірақ әскер қатарында борышын өтеу мұнымен әлі тоқтаған жоқ. 1876 жылы ардагер сарбаз сербия әскеріне ерікті солдат ретінде қосылады. Тек қосылып қана қоймай соғысқа қатысып, сол жақ аяғынан айырылады. Ауыр жарақатқа қарамай ол соғысты жалғастыра береді. 1878 жылы басқа гвардияға ауысып, әскери борышын жалғастырады. Ал соғыс біткеннен кейін он үш  жыл бұрын өзін демалысқа жіберген әскери мекемеге оралады.

Қаншама соғысты көріп, ажалдан аман қалған қарт сарбаз 107 жасқа қарған шағында жол үстінде келе жатып, белгісіз себептермен аяқ астынан қайтыс болады.

М. Ақан