Екі бірдей атом бомбасынан аман қалған адам

Екі бірдей атом бомбасынан аман қалған адам
Фото: -fakt.ru

1945 жылы тамыз айында Жапонияның жас инженері Цутому Ямагучин Хиросима қаласында жұмыс бабымен болған. «Mitsubishi» компаниясының қызметкері ол кезде жиырма жаста және өмірі бақытқа толы еді. Бірақ 6 тамыз күні сағат 8-ден 15 минут кеткен кезде бәрі өзгеріп сала берді. Себебі АҚШ бомбылаушы ұшағы аталған қалаға «Балақай» деп ат қойған бомбасын тастады. Ал Ямагучи бомба түскен ошақтан үш-ақ километр қашықтықта болған. Денесін күйік шалып, көз жанарынан айрылады.

Бомба түскен қаладан Цутому Ямагучи тек ертесі күні ғана құтылып шықты. Бірақ бір күн ішіндегі радиациядан ол көп жарақат алады. Хиросимадан қашып шыққан жас жігіт өзінің туған қаласына келіп, барлығы біткен болар деп ойлайды. Бірақ оның туған қаласы Нагасаки еді. Ал ол өз қаласында тағы да бір атом бомбасының зардабын көретінін сезген жоқ...

Ямагучи үйіне сегізінші тамыз күні жетеді. Ертесі күні Нагасаки қаласына «Томпақ» деп аталатын бомба әуеден жерге құлайды. Бұл кезде Ямагучи жұмыста әріптестеріне осыған дейін көрген зардабын айтып әңгімелеп жатқан болатын. Қызмет орны бомба түскен жерден тағы да алыс болмай шықты. Қуанышқа орай ол бұл жолы да аман қалды. Бірақ бұл жолғы бомбадан радиацияның тағы бір түрін бастан кешеді. Бағы бар Ямагучин физика заңдылықтарына қарсы тұра білген, атом бомбасынан аман қалған бірден-бір адам.

Ақпарат көздеріне сай Хиросима мен Нагасаки қалаларына түскен бомбадан 200 мыңнан астам адам қаза тапқан. Ал осынша адамның өмірін жалмаған жалмауыз бір адамның өмірін ала алмағаны әлі күнге дейін жұмбақ. Ең қызығы Ямагучи 2010 жылы 94 жасқа келіп қайтыс болған. Орыстар Ямагучиді «Я Могучи» деп атап кеткен.

2009 жылы Цутому Ямагучиге екі бірдей атом бомбасынан аман қалған адам деп сертификат берілді.

Елімізде атом бомбасын сынау 1949 жылы тамызда Семей қаласында орын алғаны есіңізде болар. 

М. Ақан