Шекара әскері үшін шамшырақтың маңыздылығы туралы не білесіз?

Шекара әскері үшін шамшырақтың маңыздылығы туралы не білесіз?
Фото: sunhome.ru

Жол түсіп, Ақтауға бара қалсаңыз, алдымен Каспий теңізіне бет аларыңыз анық.
Көкжиекпен таласқан көк айдын келбетіне тамсанып отырған сәтіңізде су бетіне көлбей түскен ақшыл сәулені байқайсыз.
Әсіресе күн ұясына батқан соң, алдымен қызыл кейін ақ сәуле шашқан қондырғының жағалау бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде орналасқанын түсініп, таңырқайсыз.
Бұл – теңізшілер үшін бағдаршам. Қауіпті рифтер мен жартастардан сақтандыра отырып, портқа апарар жолды көрсететін шамшырақ жарығы кемелер үшін қашанда маңызды.
Тынымсыз теңіз толқынымен алысып, шекара күзетер әскерилер шамшыраққа тәуелді екендігін жасырмайды. Кеме навигациялық технологиямен жеткілікті қамтылса да, шамшырақтың орнын баса алмайтын көрінеді.

Мирхат Ерзин, ҚР ӘТК гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің бастығы
-Шамшырақ қызметі барлық типтегі кемелердің теңізде қауіпсіз жүзуіне бағытталған. Су көлігінде алмағайып жерсеріктік байланыс үзіліп, радиолокациялық жүйе істен шықса, теңізшілер шамшырақ сәулесіне қарап, бағыт түзейді.

Бауырғали Имашев, артиллериялық кеме командирінің міндетін арқарушы
-Шамшырақ – біз үшін аса маңызды құрал. Теңіздегі құбылмалы күн райынан GPS құралы біз тұрған координатты қате көрсететін кездері де болады. Мұндай жағдайда, алыстан менмұндалаған жарық сәулесіне қарап, бағдарды анықтаймыз. Бүгінде облыс орталығымен Түпқараған, Қарағия аудандары аралығындағы жағалауда бес шамшырақ тұр. Мұндай құралдар орнатылған жекелеген құрылыстар қазірде ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізіміне де алынған. Сәулешашқыш әр құрал күтіміне жауапты мамандар бар.

Амангелді Өтепбаев осы қызметте. Амангелді Өтепбаев, Қызылөзен шамшырағының бастығы
-Бұл жұмысты менің әкем Өтепбаев Жылқыбай жасады. Одан кейін менің шешем жалғастырды. Әрі қарай осы жұмысты өзімнің ұрпақтарым жалғастыра беретін шығар деп ойлаймын. Ал өңірдегі ең биік шамшырақ Ақтаудағы «Бор» мүйісінде орнатылған. Зәулім үйдегі мұнаралық құрылыс қуаты – 1000 ВТ. Құрылғы қызметі автономды. Оптикалық құралдар көмегімен сәуле шашқан жарық көздері кемелерге сонау көз жетпес 21 мильдік қашықтықтан бағыт-бағдар береді. Мамандар оның жұмыс кестесін бір жыл бұрын әзірлейді екен.

Талғат Исламұлы, тілші
-Дүние жүзінде тұңғыш рет тұрғын үй төбесіне салынған «Меловой» шамшырағына бүгінде 53 жыл. Оның теңіз деңгейімен салыстырғандағы биіктігі – 73 метр. Айырықша мақсаттағы құрылғы 1963 жылы 10 қабатты ғимарат үстіндегі мұнараға орнатылады. Уақыт өте келе ескірген шамшырақ кейін компьютерлік матрицамен жабдықталған жаңа үлгімен ауыстырылған.


khabar.kz

М. Ақан