Аяқ киім тазалаудың жаңа құпиялары ашылды

Аяқ киім тазалаудың жаңа құпиялары ашылды
Фото: esentaimall.com

Кейде түкке тұрғысыз дақ үшін сүйікті аяқ киімдерімізді қоқысқа тастап жатамыз. Әртүрлі қалпына келтіруші заттарды пайдалансақ та, нәтиже көңіл көншітпейді. Бірақ адамнан айла артылған ба? Бүгін біз аяқ киімді тазалаудың бірнеше тәсілін ұсынамыз.

Тырнақ егеушінің көмегімен күдеріден жасалған аяқ киімдерді оңай әрі сапалы тазалауға болады.

Терезе сүртуге арналған спрей жылтырақ былғары аяқ киімдерді тазалап қана қоймай, тез арада қалпына келтіреді.

Суық су мен аздаған сірке суының қосындысы былғарыдан жасалған заттарды тез арада мұнтаздай етіп тазалайды.

Воск немесе мөлдір лак жылтыр былғары аяқ киімдегі сызаттарды жоюға көмектеседі.

Сонымен қатар супер кілегейлер жыртылған аяқ киімдерді қайтадан жарамды етуге себепші бола алады.

Нубуктан жасалған аяқ киімдерді тазалау үшін нашатыр спирті мен суды 1:3 шәй қасығымен араластырып, кейіннен жылы су мен сірке суын біріктіріп сүртсеңіз, киіп жүрген киіміңізге махаббатыңыз қайтадан ашылады.

B. ZHAQSYMBET