Жалғыздықта өмір сүру қауіпті

Жалғыздықта өмір сүру қауіпті
Фото: FreeOboi.Ru

Адам өзімен өзі жалғыз қалғанда түбі жоқ терең ойға шомып, шексіздікті қазбалап, сансыз сараптамамен бас қатырып, өз жанын жегідей жей береді. Әсіресе жаны нәзік әйел заты үшін жалғыздықта ғұмыр кешудің түбі жақсылыққа апармайды, жас жүрегін құртып тынады.

Басқа кісілерден қолдау көрмей, өмірге деген құлшынысы құлдырап, өзін өзі біліммен жетілдірмей, артта қалады. Адамға деген сенім, кешірім деген ұғымды ұмытады. Бұл қасиеттерін жоғалтқан жан жақсы жар, жақсы ана бола алмайды.

Ер адамдар үшін де жалғыздық жапа шегуге әкеп соқтырады. Бір қызығы, мұндай ерлер өзін ең ұлы адам деп есептейді, өзгелерге мұрын шүйіре қарайды. Сондықтан да жеке дара қалады. Оған жалғыздықта барлығы жақсы секілді сезіледі.

Сондықтан көпшілігі "алдамшы айбындылық" картинасын ешкім бұзбауы үшін, жалғыздық ғаламында жүре бергісі келеді. Бірақ мұндай жігіт қызбен жақын араласа бастаса, бойындағы жағымсыз қасиеттердің бәрінен арылады. Тіпті жаман жақтары болғанын да ұмытып кетеді. Сонда «Қызық. Жиырма жыл бойы кезікпеп еді, енді өміріме бірден еніп кетті. Оған өзі кінәлі» деген ойға келеді.

Р.А.Нарушевич

@. @assel_assanova