Димаш Әділеттің темекі мен ішімдік жөнінде пікірі

Димаш Әділеттің темекі мен ішімдік жөнінде пікірі
Фото: Димаш Әділет

Өткен жолы оқырман сұранысы бойынша әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне енген қазақ жігіті Димаш Әділет жөнінде материал жариялаған едік. Бүгін зияткер тұлға өзінің зиянды әдеттерімен қалай күресетіні жөнінде мәліметпен таныс болыңыздар.

Мен 15 жасымда кальян шеге бастадым. Сол жылы темекіге де әуес болдым. Бір жылдан кейін кальян шегуді қойдым. Бірақ темекіні тастамадым, күніне жарты қорап темекі шегетін едім. Зиянды заттарға әуестігім ерте басталды, есесіне ерте тастадым.

Менің таныстарым темекіні тастау үшін түрлі әдістерге барды. «Никотині аз сигарет тұтынамын», «Бүгін кешегіден аз темекі шегуге тырысамын», «Екі күнде бір рет шегемін», «Тек демалыс күндері темекі шегетін боламын», «Тек ішімдік ішкенде шегетін боламын», «Осы қорап біткен соң қоямын», «Осыдан кейін бір темекі шегемін, содан кейін болды», «Ертеңнен бастап тастаймын», «Келесі аптадан бастап қоямын», «Келесі айдан бастап тастаймын», «Жаңа жылдан бастап темекі шекпейтін боламын», «Егер менің темекі шеккенімді көрсең, мені ұршы». Бұл сөздерді таныстарымнан өте көп естимін. Бірақ олар әлі күнге дейін темекімен қоштаса алмай жүр.

Мен қалай тастадым? Менікі оңай болды. Достарыммен бірге темекі шегіп тұрдық. Барлығы сөйлесіп тұрды, мен ойланып кеттім, оларды естімедім. Ішіме бір тарттым да, қолымдағы темекіге қарадым. Не үшін темекі шегемін? Бұл жақсы ма? Жоқ. Иісі де жағымсыз. Денсаулығыма жақсы ма? Жоқ. Әр темекі шеккен сайын өз өмірімді құртып жатырмын. Менің өмірім қиын ба? Темекі мені тыныштандыра ма? Жоқ. Темекі тыныштандырмайды, бұл ой ми дың өзін өзі алдауынан туады. Тастау керек. Осылай ойладым да, темекімді тартып боғлан соң, жерге тастадым. Осы менің соңғы темекім бослын деген шешім шығардым.

Келесі емес, ертең емес, жаңа жылда емес, дәл осы соңғы темекі болады. Темекіні тастадым деп жарияға жар салған жоқпын, ешкімге тіс жармадым. Менің темекіні тастауым басқаларға емес, өзіме керек. Сондықтан тек өзіме тастаймын деп уәде беремін. Егер енді темекі шексем, уәдемде тұрмай, өзімді алдағаным болады. Өзіме берген уәдемде тұра алмасам, басқаларға қалай уәде беремін деп ойладым. Содан бері бір емес, бірнеше жыл өтті, бір темекі шеккен емеспін.

Темекіні тастау өте оңай. Тек шын ниетің болуы керек.Ешқандай жоба, жоспар құрмай-ақ тастап кеткен оңай болады. Кейбір деректерге сүйенсек, жылына адамның 88 пайызы темекі қоюға талпынып, өзіне күші жетпейді. Көпшілігі бір апта өткен соң зиянды әрекетін жалғастыра береді екен.

Бұл адамдар темекіні тастауға салмақпен қарамайды, ісінен сөзі көп. Егер темекі шегетін болсаңыз, қалған 12 пайызға кіріңіз. Болмаса бұл тақырыпқа мүлдем беттемеңіз. Ерік-күшіңіз бар шығар?

Мен ішімдікті өте сирек ішемін. Мысалы өткен жылдан бері 5 реттен артық ішкен жоқпын. Мен үшін, бастысы, өзімді бақылауда ұстау. Ішкен кезде өз шамамды, қай кезде тоқтау керек екенін білемін. Менің достарым өтірік айтпайды, 15 жасымнан бері олардың ешқайсысы менің ішіп құлап, ішімдіктен жүрегім айнып жүргенімді көрген емес. Ішімдік ішкенде кейде ашуым қатты болады.

@. @assel_assanova