Сүйіктіңізге сыйлықты қалай таңдайсыз? #2

Сүйіктіңізге сыйлықты қалай таңдайсыз? #2
Фото: Дамир Кужумов

Өткен материалымызда сыйлықты қалай таңдау керектігін жазған едік. Бұл жолы да назарларыңызға бірнеше кеңес ұсынамыз.

Парашютпен секіру

Жаңа заманның мүмкіндіктерін пайдалану керек емес пе? Сондықтан сүйіктіңізді осындай сыйлықпен таңғалдыруыңызға болады. 4000 км биіктіктен бір жарым минут құлап, тағы үш минут парашютпен аспанда қалқып жүру ғажап емес пе?  Биіктіктен қаланың сұлулығын тамашалағаннан кейін қызыңыздың көңіл күйі керемет болатыны, ал сізге деген сүйіспеншілігі артатыны сөзсіз. Бұл таңғажайып саяхаттан кейін бірнеше күн көңілі көтеріңкі жүретіні анық.

Парашютпен секіріп, аспанда қалқып, ұшу  нағыз романтика. Бұдан кейін бір-біріңізге деген сенім артады. Экстремалды спорттың бір ерекшелігі – осы.

Фотосессия

Фотосессия – тамаша сыйлық бола алатыны сөзсіз.  Сурет – мәңгілікке естелік болып қалады. Профессионалды фотографты жалдап, әдемі жер таңдап, сүйіктіңізбен фотосессия ұйымдастырыңыз. Бұл идеяны көбі қолдамауы мүмкін. Себебі, адамдар суретке тек үйлену алдында түсу керек деп ойлайды. Алайда бұл фотосессия love story-ден бөлек альбомға салынатынын ұмытпаңыз.

Фотосессияны ұйымдастырудан бұрын визажист (макияжбен айналысатын адам) пен шаш сәндейтін маманмен келісіп қоюыңыз керек.

Пайдалы нәрсе немесе үй жануары

Қызыңызға пайдалы нәрсе сыйлауыңызға болады. Косметикалық құрал, тостер, блендер, ноутбук, планшет секілді пайдалы зат алсаңыз, қателеспейсіз.

Қыздар күшік, марғау, тотықұс сияқты үй жануарларын баққанды ұнатады. Сол себепті, қызыңыздың аллергиясы болмаса, осындай сыйлық жасауыңызға болады.

Ф. Абилова