Аң патшасын асырап алған адам

Аң патшасын асырап алған адам

Арыстан – Жер бетіндегі ең жыртқыш аңдарың бірі. Өзінің жемтігіне аяусыз тарпа бас салатын бұл аңның күш де зор, жылдамдығы да қатты. Оның қаһарына іліккен тіршілік иесінің аман қалуы екі талай. Аң патшасы аталуының да бірден-бір себебі, осы алыптығының арқасында шығар. 

Қорықта Зион есімді арыстанның дүниеге келуі өзгелерден тым бөлек.

Қорық қызметкерлері оны әкесі өлтіріп тастауы мүмкін деген оймен Зионды анасынан алып кетіп, Фрикки Вон Сольстің қолына береді. 

11 жыл бойына Фрикки мен Зионның басынан неше түрлі жағдайлар өтті. Екеуі бір кереуетте ұйықтап, бірге көлікпен қыдырған. 


Зионның қатты дыбыстарды ұнатпайды, сол себепті 69 жасар Вон Сольс жалаңаяқ жүреді екен.  Екеуінің жұптары 11 жыл бойына ажырамаған.


Адаммен бірге өмір сүріп үйреніп қалған Зионның жабайы табиғат ортасында бейімделуі оңай емес. Сондықтан оны Вон Сольстың тағы да 18 арыстан мен гепард, леопард өмір сүретін қорығында қалдыруды жөн санаған.


Вон Сольстың үлкен мысықтұқымдастарын жақсы көретіні соншалық – оларсыз өмірін елестете алмайды. Ол қорық тұрғындарынан еш қорықпайды, олардың достыққа адал екенін сезінеді.

Оқи отырыңыз:

1. Брендон Гримшоу – бүгінгінің Робинзоны

2. Хайуанаттар бағындағы пілдердің махаббаты

3. Тазалыққа жаны құмар аю

4. Қасқырлар өзен ағысын қалай өзгертті?

Сурет: rabstol.net, marketium.ru

Е. Жұмабайұлы