Тікұшаққа шабуыл жасаған дала қыраны

Тікұшаққа шабуыл жасаған дала қыраны

Қырандар табиғатында бір беткей өжеттілік, жүректілік, ашуына тигенде, неден болса да тайсалмай соқтығысатын қайсар ғажап мінез бар. Қазақ халқының қырандар туралы аңыздарында бүркіттің қасқырға, аюға, бұғы-маралға, арқар-құлжаға түскендері, адамға түскендері айтылады.

Ал бұл хайуандардың барлығы бірдей ірі денелі, күштері мығым және кейбірі азулы жыртқыштар екені анық. Бүркіттің қорықпай, тайсалмай осыларға түсуі қырандардың өзіне ғана тән табиғат жұмбағы екені рас. Олардағы соншама өжеттіліктің неден нәр, неден қуат алатыны ғылымға да беймәлім нәрсе. Осыған орай, бүркіттер туғызған оқиғадан құлағдар бола отырыңыздар...

Тянь-Шаньнің бір шоқтысын баса көктеп ұшып өткен МИ-1 тікұшағына аяқ астынан екі бүркіт бірлесе шабуыл жасаған. Ұзақ жылдық мол тәжірибесі бар, әскери ұшқыш Георгий Швердиановтың айтуына қарағанда, бүркіттердің шабуылы бес тонналық салмақтағы жойғыш құрылғылардың соққысынан кем болмаған. «Екі бүркіттің бір қанатын қомдап, көк болат тұяқтарын кере жазып келіп, тікұшаққа тік шүйілгенде, тікұшақты дереу бір жағына қарай қисайтып жіберген.

Сол сәтте бүркіт тікұшақтың жел қанаты астына барып ұрылған. Егер жел қанатының астына ұрмағанда, тікұшаққа және адамға едәуір қауіптің болары анық еді», - дейді ұшқыш. Айтуларға қарағанда, сол маңда қырандар көп ұя салады екен. Ұя басып, балапан шығаратын кездерде, ол жерде адамға шабуыл жасау көп кезігіп тұратын көрінеді. Ал мынадай даусы көк жарған, алып денелі техникаға шабуыл жасау ғажаптардың ғажабы екені анық.

Ж. Бабалықұлы мен А. Тұрдыбаевтың "Саят" кітабынан алынған.

Оқи отырыңыз:

1. Аушы құстардың аңға түсу сипаты

2. Түз құсын жуасыту және баулу жолдары

3. Аушы құсты тамақтандыру және шақыруға үйрету

4. Ителгі құс жайлы білесіз бе?

Сурет: vk.com

Е. Жұмабайұлы