Бәрі сіз ойлағандай болмаса: 3 кеңес

Бәрі сіз ойлағандай болмаса: 3 кеңес
Фото: Alldiff.com

Өмір сіз ойланғандай бола берсе оның қызығы бар ма?! Сондықтан сізге ол түрлі сый дайындап қояды. Тіпті сіз ойламаған жаңалықтар да орын алады. Ал жаңалықтың бәрі жақсы бола бермейді. Жаман жағы да бар. Ал екеуіне де дайын болу үшін не істеу керек, бәрі сіз ойлағандай болмай шыққан жағдайда не істеу керек?

Сабыр сақтаңыз

Сабырлық – ең ұлы ұстаз. Себебі ол сіздi бәледен аман алып қала алады. Сабырлықты сақтай алмайтын, шектен тыс жағдай болса да салқын қандылық танытыңыз. Себебі өмірдегі тосын сыйдың бәрі сіздің өмірлік ұстанымыздың басты жауы емес.

Тосын сыйға тосыннан жауап беріңіз

Өзіңізге жасалған әрекетке, сыйға қарсы жауап бергіңіз келсе, ашу шақырып, қол ала жүгірмеңіз. Күліңіз. Атақты актер Джеки Чан былай деген: «жауыңды жеңудің ең оңай тәсілі – күлу. Себебі сен күліп жүріп өзіңді еркін ұстайсың. Ал ашумен жүріп қарапайым төбелесте де жеңіліп қаласың. Күлкі – психологиялық қару».

Біліп тұрып, білместік танытыңыз

Болған жағдайдың қандай оймен жасалғанын іштей сезіп, біліп тұрсаңыз да мән бермеңіз, білдіртпеңіз. Бастысы өзіңiзді ұстап бермеңіз. Ең оңай жолы кез келген сұраққа не болмаса тосын әрекетке:

-         Ау? – деп жауап беріңіз!

М. Ақан