Жастық шақта қателеспеу үшін

Жастық шақта қателеспеу үшін
Фото: massaget.kz

Адамдар көбіне жас болыппыз, ойланбаппыз деп есейген шағында бармақ тістеп жатады. Жас кезінен бастап бойға сіңіру керек қасиеттерді санаға сіңіріп алыңыз.

Барлық іске зор жауапкершілік танытыңыз. Жауапкершілігі жоғары адамның қоғамдағы орны да биік болады.

Сізге ешкім ештеңе істеуге міндетті емес. Әркім өзі үшін өмір сүреді. Дайын асқа тік қасық болмай, барлығына өз еңбегіңізбен жетуге талпыныңыз. Жолыңыз болмай жатса, өзіңіз ғана кінәлісіз не әлі кезегі келген жоқ.

Адамды адамнан айрықшаландыратын – сыпайылығы. Өзгелерге зор құрметпен, ілтипатпен қараңыз.

Өзіңізді құрметтеңіз. Бұл – бос мақтанға салынып, көрсеқызарлыққа бой ұрыңыз деген сөз емес. Сіздің бағаңыз астыңыздағы көлік пен қолыңыздағы телефон арқылы өлшенбейді.

Богдан Титомир айтуынша, темекіден, ішімдіктен, есірткіден, жамандық атаулыдан өзіңіз аулық жүрсеңіз, басқа барлық іс ретін табады.

«Ар-ождан», «адамгершілік» ұғымдары ешкімді бей-жай қалдырмайды. Адам болыңыз, адамгершіліктің ақ туын арқалып, атыңызға сөз келмейтіндей өмір сүріңіз.

Өзіңізді бақылауда ұстаңыз. «Бір рет қана өмір сүреміз», «өмірде бәрін көру керек» деген секілділер жақсы сөз емес. iPhone ұстамасаңыз да, жаңа жылды Парижде қарсы алмасаңыз да, ешкімнен кем болып қалмайсыз. Қысқасы, ақыл тоқтатып, пайдалы іспен ғана айналысыңыз.

Өзге шешімі жоқ тым қиын жағдай болмаса, ешкімнен ешқашан қарыз алмауға тырысыңыз. Бизнеске де, көлік алуға да, телефон алуға да, қызға сыйлық жасауға да – ешқайсысына. Ақша жоқ па – басқа жолын қарастырыңыз. Несие – жоқшылықтың алғашқы сатысы. Егер алып қойған болсаңыз, тез арада қайтарып, келесіде қайталамаңыз.

Ешқашан күйгелектенбеңіз. Сыпайылық, сабырлылық, мұқияттылық – әр игі істің бастаушысы. 

@. @assel_assanova