Ерлер асханасы: Жемістен жасалған салат (видео)

Ерлер асханасы: Жемістен жасалған салат (видео)
Фото: cuisineaz.com

Ерлер қауымы асханаға жиі жолы түсе бермейді. Көкөніс, жеміс-жидек турауға біраз уақыт кетеді. Олар тойымды тамақ тез жасалғанын қалайды. Сіздердің назарларыңызға жемісті қалай тез турауға болатынын көрсететін видео ұсынамыз. Уақытыңыз да үнемделіп, ағзаңыз дәруменге байиды.

Видеода манго, киви, құлпынай, жүзім, банан, шиені қалай тез тазалап, турауға болатыны көрсетіледі. Алдымен қауынды екіге бөліп, дәндерінен тазартып, кейін ортасын кішкене бөліктерге бөліп, ыдысқа қасықпен түсіріп аламыз. Мангоны да осындай тәртіппен тураймыз. Кивидің екі ұшын кесіп тастап, ортасын қасықпен алып кішкене бөліктерге бөлеміз. Ал құлпынайды түтіктің көмегімен тазайлаймыз. Жүзімді екі тәрелкенің арасына салып, видеода көрсетілгендей етіп тураймыз. Бананды әдеттегідей турасаңыз болады, Ал шиені бөтелке мен түтіктің көмегімен тазалап, ыдысқа салып, салатымызды араластырамыз. Міне, жеңіл әрі тез даярланатын тағам.

Г. Берік