Болашақтың қару-жарағы

Болашақтың қару-жарағы
Фото: vilingstore.net

Әлемде қазір технологиялық революция қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде жаңа технология енді әскери базаларға да әсерін тигізе бастады. Сіздерге болашақта қолданысқа шығатын, адам баласы армандап келе жатқан түрлі қарудың жобасын көрсетейік.

CornerShot

Жаңа технология негізінде дайындалып жатқан бұл қарудың ерекшелігі бұрыштан тұрып атуға арналған. Яғни бұрыштан дәлдеу кезінде мылтықпен бірге қозғалудың қажеті жоқ. Тек мылтықтың ұңғысы бұрыш жасап бұрылып атысуға мүмкіндік береді. 

АДС 

Ал бұл қару су астында жүріп атысуға арналып жасалады. Дәл қазір мұны Ресей Федерациясында өңдеп жатыр. Минутына 700 оқ жаудырып үлгеретін қарудың жету қашықтығы – 25 метр. 

The Magpul FMG-9 

Бұл тапанша-пулемет есебінде пайдаланатын қару. Оны пулемет деп отырған себебіміз оқ жинақталған құрылғысы ноутбуктің батарейкасы секілді формада алдыңғы ұңғы үстінде орналасқан. Бұл ең жеңіл қарулардың бірі. 

Identilock 

Техникалық жағынан келсек, бұл тіптен тапанша да емес, биометрикалық қару. Яғни тапаншаға о баста иесі өзінің саусақ таңбасын қалдырады және өзге ешкім оны пайдалана алмайды.

The Armatix iP1 

Бұл тапанша барлық жағынан қамтылған жаңа технологияның жетістігі. Себебі оның кей құрылғылары сағат, қолға тағатын браслет секілді дүниелермен жабдықталған. Аталған қару сізге қарсы бағыт ала алмайды. Яғни сағат кімнің қолында тұрса сол адамға бағынышты болады. 

TrackingPoint

Бұл америкалық компания өңдеп жатқан жаңа винтовка түрі. Оның ерекшелігі дәлме-дәл тию жүйесінде. Құны 50 мың доллар тұрады. 

The Chiappa Rhino 

Бұл револьвердің қарапайым тапаншадан немесе қарулардан ерекшелігі, атқан кезде артқа итерудің орнына алға қарай күш алады және дәл тию бағыты жүзден тоқсан бес пайыз.

The KRISS Vector 

Бұл қару барлық қаруларда болатын ату кезінде оқтың жоғары көтеріліп кету бағытын өзгертеді. Яғни атылған кезде ұңғыдан шығып тура тию бағыты 60-90 пайыз. 

PHASR 

Бұл жазғы мезгілге арнайы жасалып жатқан винтовка. Оның ерекшелігі қарсы бағыттағы жаудың көзін соқыр қылуға арналған. Қару АҚШ жерінде жасалған. 

М. Ақан