Динамитті кім ойлап тапқан?

Динамитті кім ойлап тапқан?
Фото: 123RF.com

1850 жылдардың соңында швед шебері және өнертапқышы Альфред Нобель (1833-1896) жарылғыш заттарды шығарумен айналысқан. Оған бірден-бір себеп – құрылысқа және қазу жұмыстарына аса қажеттілігі. Өкінішке орай бірнеше рет жасалған сынақ кезінде Альфред өзінің туған ағасынан айрылып қалады. Адам өміріне қауіп төнгендіктен өнертапқыш әрі шебер бұл дүниеге басқа жағынан келуді жөн санайды. Сонымен ол нитроглицеринді (жарылғыш заттың қоспасы) ұнтақ күйінде жасап, оған «кизельгур» немесе «диатомит» деген атау береді. Аталған жарылғыш заттың қоспасы үш бөлшектен тұрды.

Кизельгурдің өзіне тарту күші соншалықты, ол қоспаның бәрін жұтып, ұнтақ күйіне айналдыратын деңгейге жетеді. Осы қоспалардан жасалған жарылғыш зат төбеден лақтырсаңыз да, сыртынан келіп балғамен ұрсаңыз да жарылмайтын болып шығады. Тек алыстан басқару арқылы, яғни детонатор арқылы ғана жарылатын күйге ауысады. Бұл тек ток көзімен жүзеге асатын жұмыс еді.

1863 жылы Альфред Нобель аталған дүниені жасап шығып, 1867 жылы Ұлыбритания жерінде жарылғыш затты ойлап тауып, оған «динамит» деген атау беріп, патенттейді. Сонымен ресми түрде 1867 жылы шебер өзінің әлемдегі тұңғыш рет қолданысқа алыс қашықтықтан пайдаланатын жарылғыш затын «динамит» деп атап, нарыққа шығарады.

М. Ақан