Болашақта әскери киімнің 8 түрі пайда болады

Болашақта әскери киімнің 8 түрі пайда болады
Фото: vilingstore.net

Әр елдің өзіне тән әскери жүйесі болады. Бұл сол елдің өмір сүру салтына және әлемдік тұрақтылыққа байланысты қалыптасады. Мәселен әскерлердің техникалық жақтан жабдықталуы, олардың киім үлгісі, жүріс-тұрысына дейін өзгеше болады. Дегенмен әлемге ортақ жүйелер де бар. Ол әскерилердің ішкі заңдылықтары болып есептеледі. 

Қазір әлемде болашақта пайда болатын әскери киімдердің сегіз түрі ойластырылып жатыр. Олардың атауы да бар: «Болашақтың әскері» – Future Solider немесе Solider of the Future. Бұл әлемдік державалардың әскери жүйесіне байланысты қалыптасып отыр. Олар: АҚШ – Land Warrior және Mounted Warrior, Франция – FELIN (Fantassin a Equipements et Liaisons Integres), Германия – IdZ (Infanterist der Zukunft), Ұлыбритания– FIST (Future Integrated Soldier Technology), Испания – COMFUT (COMbatiente FUTuro or Future Warfighter), Канада - ISSP (Integrated Soldier System Project) және Израиль – ANOG. 

Байқап отырғандарыңыздай АҚШ әскерлерінің киім үлгісі біреу емес, екеу. Екеуі де жаңа технологияның жетістігімен құрастырылып жатыр. Аталған әлемдегі ең керемет сегіз әскери киім үлгісі жан-жақты жабдықталған. Мәселен қорғаныш қабаты, бас киім, түнгі көру жүйесі, радиостанция және басқа көру жүйелері, барлаушы аппараттары, тамақтану ыдыстарына дейін ойластырылған. 

Болашақта жарыққа шығатын «Болашақ әскер» киімдерінің ерекшелігі мынада: алыстан басқаруға арналған лазерлік құрылғы, шағын ғана компьютер, кеудеге немесе бас киімге орнатылатын дисплей, орталықтан хабардар болатын шағын ақпарат көзі, электронды карта, бақылаушы жүйе, бағдарламалар, операторлық диалогтар жүйесі және нақты уақытты көрсетіп хабар беруші жабдықтар бар. 

Аталған киім үлгілері, жабдықтары әлемнің екі жерінде жасалып шығады. Бірі – АҚШ жерінде, бірі – Израильде. Дәл қазіргі кезде әскери киіммен толыққанды жабдықталған елдер санаулы-ақ: АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль және Франция. 

Аталған жұмыстардың жемісін алдағы жылдары көретін боламыз. Бейбіт күн болсын, әлемде соғыс болмасын. 

М. Ақан