Әлемдегі ең қымбат қылыш

Әлемдегі ең қымбат қылыш
Фото: http://vilingstore.net/

Қылыш – жаугершілік замандағы батырдың бес қаруының бірі. Қазіргі оқ-дәрінің заманы келмей тұрып, соғыс кезінде қанжар, қылыш сынды суық қару түрлері пайдаланылған. Әр патшалықтың өзіне тән қылыш түрлері бар. Бірінің өзгешелігі өткірлігі болса, бірінің ерекшегілі беріктігі, ал бірінкі бедерінде.

Қылыштың түрі көп болғанымен, хас шеберлердің, ұсталардың қолынан шыққан қылыштардың бәсі басым. Себебі оларды патша немесе ханзада үшін арнайы жасайды.

Цин патшалығына тәуелді қанжарлар, қылыштар, алдаспандар әлемдегі ең қымбат бағалы бұйымдар қатарында тұр. Ал патшалықтың қару-жарағын бүгінге дейін жеткізген, коллекционер Кии Токугав. Оның топтамасындағы жәдігерлер он екі жыл қатарынан үздіктердің қатарынан көрініп, ең қымбат және бағалы саналып келеді.

Қара базарлар мен қару-жарақ сататын дүкендерде, жәдігерлерді бағалаушы бәссаудаларда (аукцион) тарихтағы жалғыз үлгіде жасалған, көшірмесі жоқ бұйымдарға әрқашан сұраныс бар. Оның бағасы емес құндылығы, адамдардың қызығушылығын тудырып келеді. Көбінесе аталған жәдігерлер беделді адамдарға немесе патшаларға, қолбасшыларға тәуелді.

Наполен Бонапарттың қылышы 2007 жылы Osenat аукцион кезінде 4,8 млн долларға бағаланған болатын. Бұл Еуропадағы ең қымбат жәдігер ретінде тіркелді. Дегенмен әлем бойынша ең қымбат қылыш Цин патшалығына тән. Оның сатылған құны – 7,5 млн доллар.

М. Ақан