Тәуелсіз елдің салтанатты шарасы – әскери шеру

Тәуелсіз елдің салтанатты шарасы – әскери шеру
Фото: mod.gov.kz

Әскери шеру – елдің ішкі және сырты қорғанысын көрсетуге бағытталған, атаулы бір күнде жүзеге асатын мерекелік шара. Әскери шеру кезінде елдің барлық әскери құрылымы жұмыла өнер көрсетеді. Атаулы күн деп отырғанымыз, елдің тәуелсіздік алған күні, жеңіс күні сол секілді азат етілген қалалар мен елдің маңызды оқиғалары үшін ұйымдастырылған шерулер. 

Әскери шеру тарихы – тереңде жатқан ұғым. Ежелгі Мысыр, Рим, Парсы елдерінде бұл үрдіс қалыптасып үлгерген және сол кезден бастау алды деуге болады. Ең алғашқы ең керемет әскер шерудің үлгісін жасаған – Рим жасағы. Ал нағыз шерудің ұйымдастырылу аясының кең етек ала бастаған тұсы он сегізінші ғасырда Батыс Еуропада жүзеге асты. 

Сіздерге әлемдегі ең үздік әскери шерулердің тізбегін ұсынамыз.

Франция – Бастилияны азат еткен күн

Францияның әуе күштер әскері

Түркия – Мемлекеттік әскери шеруі.

Үндістан – Республика күніне арналған елдің әскери шеруі

Шеру кезінде сап түзеген әскерлер қатары 

Ресей – Жеңіс күніне арналған әскери шеру

Қызыл алаң. Ресей

Италия – Республика күніне дайындалған әскери шеру

Испания – әскери күштер күніне арналған шеру

Шеру кезіндегі әскерлер сабы

Ұлыбритания – Патшайымның туған күніне арналған әскери шеру 

Шеру кезіндегі әскерилердің өнері 

Қазақстан – Жеңіс күніне арналған әскери шеру

Елбасы әскери шеру кезінде

М. Ақан