Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бозбала / Сын сағатта / Бесқару / Нағыз ерлерге тән пышақ түрлері

Нағыз ерлерге тән пышақ түрлері

Нағыз ерлерге тән пышақ түрлері

«Өтпес пышақ қол кесер» деген сөз бар. Бірақ әр азаматтың үйіндегі пышағы қайраулы, қайрағы сайлаулы болғаны жөн. Әлемде ерлерге арналған түрлі пышақ бар. Олар арнайы тапсырыспен немесе жалпы тұрмысқа ыңғайлы етіп жасалады. Сонымен нағыз ерлерге тән пышақ түрлері қандай?

Саятшылыққа арналған пышақ

Бір не екі жүзі бар түрі де кездеседі. Бұл – ерекше пышақ. Саятшылық кезінде қолданылатын қанжардың жүзі әрдайым қайраулы болады.

Штык-пышақ

Бұл пышақтар соғыс кезінде арнайы мылтық басына ыңғайланып жасалған. Яғни оқ таусылған кезде қолыңыздағы қару жарамсыз болып қалмауы үшін осы пышақты қоса алып жүресіз. Бұл қанжар қазіргі күнде де қолданылады. Қару түрі – винтовка. Қол төбелесі кезінде де қолданылады. 

Көбелек-пышақ

Бір жүзді, өткір, жасалу үлгісі көбелек тәрізді бұл пышақтың нағыз суық қару екенін бірден тануға болады. Себебі көбелек-пышақты көше заңымен жүретін бұзақылар немесе сол типтегі «гангстерлер» қалтасынан тастамайды.

Лақтыруға икемді пышақ

Кез келген пышақтың жүзін ұстап сабына қарай лақтырсаңыз көп жағдайда көздеген жерге тура жетуі мүмкін. Бірақ бұл сенімді тәсіл емес. Ал арнайы лақтыруға ыңғайланып жасалған бұл пышақтың салмағы орта нысанаға негізделген. Оның салмақ үлесі жүзінің бойына тең дәрежеде құйылып жасалған. Қай жағынан лақтырсаңыз да оның нысанаға тию дәлдігі сенімді.

Стилет пышағы

Стилет пышағы «қанжар» деуге де болатын, үш немесе төрт жүзді суық қару түрі. Он алтыншы ғасырда Италияда жасалған. Жасаушылардың үлгісі бойынша қанжар жауды қай жағынан келсе де түйреп тастауға ыңғайластырылған. Тек соғыс қаруы емес, жауынгерлер оның жүзіне ет тізіп, отқа қақтап жеген.

Үнділік Джонстың пышағы

Бұл суық қарудың жалпы ұзындығы – 61 см, жүзінің ұзындығы – 45 см. Жүзіне қол тигізуге болмайды. Оның өткірлігі сондай саусағыңыз тиіп кетсе болды, қанап кетуі ғажап емес. Бұл пышақты үй бұйымы ретінде де пайдалануға болады.

Қазақы бәкі

Пышақтар ішінде қазақы бәкінің де орны бөлек. Бәкімен кез келген ас үйдің тағамын кесуге болмайды. Ең негізгі жұмысы соғым басында орындалады. Бәкі де тек ердің жанында не үйдің биік жерінде тұруы керек.

469 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: vk.com
Қосылған күні: 11 қаңтар, 12:26
Пікірлер
+0
11 қаңтар, 17:20

Керемет пышақтар екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...