Мылтықтың жасалу жолы (Видео)

Мылтықтың жасалу жолы (Видео)

Қару жасау – шеберлік пен төзімділікті қажет ететін нәзік жұмыс. Төменде көрсетілген видеода қару жасайтын италиялық Beretta компаниясының жұмысын көруге болады.

Компания 1526 жылы құрылып, оны қазірге дейін негізін салушы тұлғаның ұрпақтары басқарып келеді. Beretta түрлі қарулар жасайды. Мысалы, пулемет-тапанша, мылтық, тапанша, револьвер т.б. Компанияның қарулары өте сапалы.

Арнайы дайындалған видеода аңшылыққа арналған қарудың жасалу жолы көрсетілген.

Өздеріңіз байқағаныңыздай, қару жасауда бұрынғыдай тек адам күші емес, робот күші де қолданылады. Мысалы, ағаштың сапасы рентген аппаратымен тексеріледі. Қарудың ұңғысын роботтар жіті бақылайды. Бірақ әрлеу жұмыстарын шебер мамандар жасайды екен.

Сурет: www.csmcspecials.com

Ж. Өрісбай