1709 – 2014 жылдар арасындағы британ әскерінің киім, қару-жарақ үлгілері

1709 – 2014 жылдар арасындағы британ әскерінің киім, қару-жарақ үлгілері

Басы

Фотограф Том Аткинсонның тарихи фотожобасы талайды қызықтырды. Өткен жазбамызда британ әскерінің 1066 - 1645 жылдар арасындағы киім, қару-жарақ үлгілерін жариялаған едік. Ал, бүгін сол тарихи тізімді ары қарай жалғастырамыз.

1. 1709 жыл, қатардағы барлаушы, Мальплак шайқасы.

Бұл жоба аясында Аткинсон он айға жуық уақытты тек оқып-үйренуге арнаған. «Мен ешқашан әскер қатарында болмағанмын. Белгілі бір бұйымға қарап оның не екені және қандай қасиеті бар екенін білу маған қиынға соқты. Мен фотожинақтың адамдар туралы болғанын қалаймын». 

2. 1815 жыл, қатардағы жауынгер, Ватерлоо шайқасы.

Бұл суреттен Ватерлоо соғысында шайқасқан жауынгердің бұйымдарын көре аласыздар. Жабдық арасында қалайы саптыаяғы пен дойбы жиынтығы да бар.

3. 1854 жыл, атқыштар бригадасы, Альм шайқасы.

Барлық суреттерде дәке, найза, оқтар мен хат жазатын парақ, дұғалықтар бейнеленген.

4. 1916, қатардағы жауынгер, Сомме шайқасы.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жиырмасыншы ғасырдың алғашқы шайқасы болғандықтан, сол кездегі жабдықтар өте қарапайым болған. Әскерлерге газдан қорғайтын құрал мен тікенегі бар шоқпар берілген. Ал бұл ортағасырлық қару еді. 

5. 1944 жыл, ефрейтор (солдаттың әскери атағы), парашютті бригада, Арнем шайқасы.

Бұл суретте алдыңғы шайқастардағы қорғаныс құралдарының қысқартылғанын көреміз. Азық-түлік пен көңіл аулайтын заттардың азайғанын да байқаймыз. Бұл жинаққа әскерге тиісті заттар мен жеке мүліктер (сағат, тарақ, қырыну құралдары) енген.

6. 1982 жыл, Патшаның теңіз арнайы жасағы (спецназы), Фолкленд аралы үшін шайқас.

1485 жылдан 1982 жылға дейін бес ғасырға жуық уақыт өтті. 

7. 2014 жыл, Корольдік инженерлік күштің сапері (әскери-инженерлік қызметкер), Гильменд провинциясы, Ауғанстан. 

1916 жылғы қолсағаттар қазір су өткізбейтін сандық қолсағаттарға алмастырылған. Ли-Энфилд бекітпелі мылтығы лазерлік жеңіл карабинге (карабин - қысқа оқпанды винтовка) алмастырылды. Ал кевларлы (кевлар - болаттан бес есе мықты пара-арамидті талшық) оқтан қорғайтын желетке көкшіл сұр, сарғыш жасыл түсті жүнді гимнастеркаға (гимнастерка - еркектер үшін әскери формада тігілген сырт киім) алмасты.

Сурет: topwar.ru

Y. Almabek