Әр үйдің дәрі қобдишасында болуы тиіс дәрілер

Әр үйдің дәрі қобдишасында болуы тиіс дәрілер

Кез келген үйде дәрі қобдишасы болады. Бұл отбасы мүшесі сырқаттанып немесе жарақаттанып қалған жағдайда ауадай қажет. Ең құрмағанда адамға дер кезінде алғашқы көмек көрсететін  дәрі қорабы болуы міндетті саналады. Сонымен дәрі қобдишасында қандай медициналық препараттар болу керек?

1. Алғашқы көмек көрсету ретінде жарақатты танатын заттар. Олар: көк дәрі, йод, жара таңғыш, мақта немесе мақта дискі, бактериялық майлық, антисептикалық дәрі, лейкопластер.

2. Суық тиюге қарсы дәрі-дәрмектер: антигриппин, оциллококцинум, мұрын бөлігіне жағатын оксолин майы. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерді суық тиюден қорғайтын шәрбатта болуы шарт.

3. Тұмауға қарсы препараттар. Мұрын бітіп қалған жағдайда қорапта аквамарис, пиносол, назол, навтизин секілді дәрілердің болғаны дұрыс.

4. Дене қызуын төмендетін дәрі-дәрмектер. Олар: – парацетамол, нурофен, ибуфен, парофен т.б. Булығып ауыратындар үшін: спазган, спазмалгон, ношпа. Ал барлығын алдына ала сақтанып жүретіндерге пенталгин, анальгин, цитрамон мен аспирин сияқты дәрілерді пайдаланса болады.

5. Аллергиялық тітіркенуге қарсы дәрілер. Олар: эриус, кларитин, супрастин және т.б.

6. Іштің өтуін тоқтатын дәрі-дәрмектер. Бұл препараттар адамға жағымсыз тағам әсерінен немесе уланып қалған жағдайда үлкен дәретті қайта қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Дәрі қобдишасында белсендірілген көмір немесе энтеросгель (оны міндетті түрде тоңазытқышта сақтау керек), ағзаны неше түрлі зиянды уыттан тазалайтын – лактофильтрум, линекс, фестал немесе мезим (асқазан ас қорытуын дұрыстау үшін) болғаны жөн.

7. Қосымша валидол, жүрек тамшысы (корвалол, кордиамин, валокордин) болғаны абзал.

Оқи отырыңыз: 

Инсульттің алғашқы белгілері

Тарихтағы ең ірі өрт апаттары

Әлемдегі ең мықты әскерлер

Жер сілкінісінен қалай қорғанамыз?

Сурет: xn--b1aic2a.xn--p1ai

Н. Нұрмаханұлы