Dolce & Gabbana: ерлерге арналған киім үлгілері – 2017

Dolce & Gabbana: ерлерге арналған киім үлгілері  – 2017
Фото: Dolce & Gabbana Perfumes and Makeup Products

"Адам көркі – шүберек" деген. Ер болсын, әйел болсын, жақсы киіну – мәдениеттіліктің белгісі. Ал әдемі киімді ұсынушылардың талғамына сай болсаңыз, тіптен керемет. Осы қағиданы ұстанатын, әдемілікке, әдемі киінуге сізді алып баратын әлемге белгілі сән үйлері бар. Солардың бірі – Dolce & Gabbana. 

Dolce & Gabbana – 1985 жылы құрылған италиялық сән үйі. Негізін қалаушылар – Доменико Дольче мен Стефано Габбана. Әлемдік брендке айналған сән үйін ашу идеясы 1982 жылы қос азамат соғыстан келгеннен кейін ұсынылды. Алғашқы кезде екеуі өз аттарынан киім үлгілерін ұсынып, сатылымға шығарып жүрді. Тек кейін екі қошқардың басы бір қазанға сия алды. 1986 жылы Милан қаласында ең алғаш ресми сән үйін ашты.

Аталған сән үйі жыл өткен сайын жұртты таңғалдырумен келеді. Олардың әр киім үлгісі сұранысқа ие. Уақыт арасын суытпай, 2017 жылдың ерлерге арналған киім үлгілерін ұсынып үлгерді.  

М. Ақан