Жолда уақытты тиімді пайдаланудың тәсілдері

Жолда уақытты тиімді пайдаланудың тәсілдері
Фото: tetjakso.fi

Егер сіз жұмыс орныңыздан тым алыста тұрсаңыз таңертеңгі кептеліске байланысты 1-2 сағатыңыз жолда өтуі мүмкін. Міне, осындай кезде қоғамдық көлікте, кептелісте уақытты тиімді пайдаланудың бірнеше жолдарын ұсынамыз.

1. Аудиокітаптар 
Жолда уақытты тиімді пайдаланудың ең жақсы тәсілі аудиокітаптар тыңдау. Мысалы, Артур Конан Дойл, Агата Кристи немесе Эдгар Поның детектив жанрындағы шығармаларын оқу қызықты һәм миға салмақ салмайды.

2. Тіл үйрену 
Жолда тіл үйрену – уақытты тиімді өткізу. Әрбіріміз бір шет тілін үйренуді қалаймыз, бірақ уақыттың тығыздығына байланысты оны кейінге қалдыра береміз.

3. Жұмыс жоспарын түзу 
Жолда алдағы жұмыс жоспарын жасау, хаттарға жауап беру – аудиокітап тыңдау, тіл үйрену сияқты тиімді болмаса да ойын ойнағанға қарағанда нәтижелі. 

4. Жазу 
Шығармашылық адамы болсаңыз жазу тиімді. Ол үшін телефондағы күнделік бағдарламасы да жеткілікті.

Т. Раушанұлы