Қоғам: адамдар рөлі

Қоғам: адамдар рөлі
Фото: medium.com

Адам – қоғамның бөлшегі. Тіпті, “даланың бөрісі” деп, жалғыздықта еркін өмір сүремін дейтін адамдардың өзі саналы түрде бір ортаның мүшесіне айналады. Алдымен, елестетіп көріңіз. Сіздің университетіңізде (сынып, әріптес) тобыңызға бірлесе атқаратын топтық жұмыс ұсынды. Бұл – адамдардың рөлін анықтауға арналған ең маңызды құрал. Өйткені, жауапсыздық, көшбасшыға тән қасиеттердің барлығы осы алаңда байқалады. Сонымен, қоғамда адамдар қандай рөл атқарады?

Алғашқы әрі басты рөл – көшбасшы:
Көшбасшы адамдар бірден көзге түседі. Олар пысық, жауапты және жылдам жұмыс істейді. Бірақ, көшбасшының өзі бірнеше түрге жіктеледі. Бірінші, бәрін артынан ілестіріп, жол көрсететін болса, екіншісі өзінің бас пайдасы үшін жұмыс істейді. 

Көшбасшы қандай болуы тиіс?
Біріншіден, ол барлық топқа ұнауы тиіс. Өйткені, тек пысықтық қана бар, ал адамдармен байланыса білмейтін көшбасшының артынан ерген көш жан-жаққа ыдырап кетеді.

Екінші рөл – маман:
Топта міндетті түрде белгілі бір сала бойынша ізденгенді жақсы көретін, ылғи оқумен, ізденумен уақыт өткізетін ізденімпаз біреу болады. Оның дағдылары, білімі және оны қолдану шеберлігі өзгелерге қарағанда басым болмақ.

Үшінші рөл – қатардағы топ мүшесі.

Көшбасшы мен ізденімпаз көбіне біреуден болса, топта айтарлықтай рөлге ие болмаса да, топты толықтыратын бірнеше адам бар.
• Олар жүктелген міндеттерді орындайды.
• Олар көшбасшылыққа ұмытлмайды. Тек айтылған жоспармен жүріп, белгілі бір дағдылармен ерекшеленбейді.
• Олар жылдам бейімделеді.

Олардың өзі бірнеше топқа жіктеледі:

• “Топ сүйіктісі” – мұндай адам топта жалғыз болады. Олар ақылдылығымен, шеберлігімен көзге түспесе де, топтық жұмыста бәрінің көңілін көтеріп, сыйластыққа ие болады.
• “Топ жексұрыны” – ешкімге ешқандай жамандығы болмаса да, оны топтағы адамдар жақтыра қоймайды. Ол адаммен жұмыс істеу бәріне қиын.
• “Топ жылауығы”  – жоспар дайын, тек әрекет керек болса да, “қиын” деп шағымдана беретін топтың белсенді мүшесі. Олар көбіне бір іспен айналысып жүргендей әсер қалдырады.
• “Топ жұмбағы” – бұл адам топтық жұмыста белсенділік танытқандай болады, бірақ, дұрыстап зерттесеңіз, бар уақытын тек “бүйтсек, сөйтсек” сынды құр сөздерге арнайды.

Төртінші рөл – нөлдік кейіпкер:
Өкінішке орай, топта көшке ілесе алмайтын біреу болады. Ол топтағы адамдардан қысым көруі мүмкін, дегенмен,  тек осы топта болу ғана оның қоғамдық рөлін жоғалтып алмауына септігін тигіетіндіктен ғана бірлесе әрекет етеді.

Бесінші рөл – оппозиционер:
Оппозиционер – кқшбасшыға қарсы күрес жүргізетін топтағы түсініксіз адам. Бұл адам бір топта ұзақ тұрақтамайды. Оның өмірі ылғи күреске толы болады. Кетерінде топтың жартысын өзімен бірге ала кетеді.

Т. Есқали