Адамдар неге тез беріледі?

Адамдар неге тез беріледі?
Фото: foninaousis.gr

Біз көбіне өмірдің ережелері тым күрделі деп ойлаймыз. Ал, шындығында барлығы оңай. Тек адамның өзіне байланысты. Адам тіршілік барысында кедергілерге ұрынуы, сүрінуі һәм шалыс басуы заңдылық. Сондай сәттерде барлығы бітті деп қол сілтеп кету тіпті оңай. Өзіңізді әлсізбін деп, арманға деген қадамыңызды тоқтатпаңыз. Адамдар неге тез беріледі? Себебіне үңіліп көрдіңіз бе? Оның бірнеше себебі бар. 

1. Белгілі бір істі бастай сала тез нәтижесін күту;

2. Өзіне деген сенімін жоғалту;

3. Өткен шаққа байланып қалу;

4. Тез қолын бір сілтеп кету;

5. Болашақтан қорқу;

6. Өмір өзгерістеріне қарсы тұра алмау;

7. Өзін ең әлсіз жандай сезіну;

8. Кедергіге ұрынған кезде алдағы күндерден үміт үзу;

9. Өзін тым көп жұмыс істеймін деп ойлау;

10. Жиі өкіну;

11. Жеке басындағы мәселе өте күрделі деп санау;

12. Өз қателігін мойындамау;

13. Барлық мүкіндігін ескермеу.

Міне, осы секілді бірнеше себебі бар екен. Бұл тізімді ары қарай тізбектеп жалғастыруға болады. Алайда, осының өзі әжептәуір себеп бола алады. Негізінде адамның мүмкіндігі өте көп. Егер жолыңыз болмай жүрсе, бір сәт ойланып, өзіңізді қолға алғаныңыз жөн. Әркімнің өмірі өз қолында. Оны гүлге айналдыратын да, күлге айналдыратын да өзіңіз.

Ж. Жұмағұлов