Жігіттің жан дүниесі туралы не білесіз?

Жігіттің жан дүниесі туралы не білесіз?
Фото: elitefon.ru

Нәзік  жандылардың  жаралы  сезімдері  жайлы  көп  жазылған. Бірақ «ер» азаматтардың  жан  дүниесі  жайлы  сыр  шерткендер аз.

 Иә, сүйкімді   жандар!

Біздің де өз  жан  дүниеміз бар. «Қош бол!» деген  сөздің  естіген  кезде,  махаббат  отына  өртеніп, жан  дүниеміз  парша-парша болады.

Ер  азаматтардың  сезімі – сүйген  жаныңа  үнсіз  жақындап келіп, тынысы мен  тыныстас  болып, еш себепсіз  құшағыңа алып, шексіз бақытты  сезіну.

Жалғыздық – жалғанды  жабықтырады. Жігіттің  жан  дүниесінде де жалғыздықтан  қорқыныш  ұялайтын  сәттер кезігеді. Нәзіктік атаулыдан ада болған сәтте денені тітіркендірерліктей, қақсатып ауыртатындай күй кештіреді. Шындығына келгенде, таңмен  таласып, бір  жастықта  сүйгенімен  ояну,  теңдесіз сұлулығына  тамсанып, сұлу   жүзін бұзып алуға  қорықып, оятуға асықпаудың өзі  өзінше бір сезім.

Ер азаматтың сезімі сіз  ойлағандай арзан дүние емес. Сіз білетіндей күй кешкеніңізбен, ештеңеден хабарсызсыз. 

Иә,  сұлу жандылардың  сезіміне  қарағанда  еркек  атаулының жан дүниесі  де нәзік  әрі  жаралы. Нәзік  жандыларға  қарағанда ол екі есе махаббат пен сезімге толы.

Тыныштық  орнаған  сәтте, жан  дүниесінің  пернесін тауып, тарта  білсеңіз, ол өзінше әуезді әуенмен сайрап қоя береді. Ол өзі сүйген жанды, жан-тәнімен ынтық аруға қай сәтте, қай уақытта болса да, көмекке даяр екенін ашық әрі  айқын жеткізе алады. Оның бір ғана қалауы жұмбақ сезімін сүйген аруы таптамай, қоқыс  жәшігінен табыларлықтай халге жеткізбеу.

Ер азаматтар  өз жан  дүниелерін  қызғыштай қорып, өзгеге білдірмей, өзінше бір күй кешеді. Олардың бұл сезімін көпшілігі біле бермейді.

М. Ақан